Неге күзде күйзеліс көбейеді?

Күз бен қыста күйзеліске түсетіндер көп. Бұл анық дәлелденген жайт. Оған әртүрлі жағдайлар себеп болады. Тұқым қуалаушылық, маусымдық өзгеріс, созылмалы кеселдер, әлеуметтік ахуал, тіпті күтпеген тосын жағдай да күйзеліске түсіреді екен. Депрессияның әдеттегіден тыс тағы  7 себебін бар.

Шектен тыс пысықтық
Американың Педиатрия академиясы уақытының көбін түрлі ортада, көпшілік орындарда өткізетін жасөспірімдерде күйзелістің классикалық белгілері байқалатынын анықтаған. Оқымыстылар мұны балалардың тек мектепте ғана емес, одан тыс жерлерде де пысық болып көрінгісі келуімен түсіндіреді.

Интернет
Онлайнда ұзақ уақыт отыру да адамды күйзеліске түсіреді екен. Аталмыш дертке негізінен 16 жастан асқан жасөспірімдер тез шалдығатын көрінеді. Интернет оларды шын өмірден алшақтатып жіберетіні тағы бар.

Ұйқы қанбау
Ұйқының қанбауы да күйзеліске түсудің бір себебі. 6 және 7 сағаттық ұйқының арасында да адамның психикалық жағдайына әсер ететін үлкен айырмашылық бар.

Ертеңге қалдыру
Зерттеушілер бүгінгі істі ертеңге қалдыратын адамдардың да белгілі бір уақыттан кейін күйзеліске түсетінін айтады. Негізі көбіне өзіне сенбейтін адамдар бүгінгі істі ертеңге қалдыратын көрінеді. Ал адам күйзеліске түскен кезде өз қабілетіне, табысқа жететініне сенбей қалады. Нәтижесінде атқарылмаған шаруаларының тізімі көбейіп, ол күйзеліске түсіреді.

Балалар арасындағы бақталастық
Балалар арасында ата-ана назары үшін бақталастықтар болып тұрады. Доктор Роберт Уолдинджердің зерттеулеріне қарағанда, бала кезінде туған бауырларымен көп жанжалдасқан адамдар есейгенде күйзеліске көп түсуі мүмкін екен.

Қалалық өмір
Әдетте қалалықтар күйзеліске түсуге бейім тұрады, психикалық ауруларға төзімсіз болатын көрінеді. Зерттеушілер оның себебі экология немесе қаланың қарбалас тіршілігінен емес, көпшілік арасында өзін жалғыз сезінуден болады дейді. Себебі кейбіреу қалада өзін көпшіліктен бөлініп қалғандай жалғыз сезінеді екен.

Витамин жетіспеушілігі
Кейде тамақ құрамында В6 және В12 витаминдері жетіспесе де адам күйзеліске түседі. Сондықтан тамағыңыздың құрамында осы витаминдердің жеткілікті болуын қадағалаңыз. Бұл, әсіресе, егде жастағы адамдарға өте қажет.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста