Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Бекбаева мен Зәкіржан Күзиевті қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Майя Бекбаева мен Зәкіржан Күзиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды» делінген хабарламада.
Олардың орынана Дементьева Наталья Григорьевна және Каримов Тауфик Акрамович Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасарлары болып тағайындалды.
Мұндай бұйрықты Ассамблея төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев берді.
Еске салсақ, Майя Бекбаева қазақстандықтарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жағымпаздығымен есте қалды.
– Сіз менің жүрегімнің қағысын жылдамдатасыз. Толығырақ айтайын, сіз барлық қазақстандық әйелдердің жүрегін дүрсілдеп соғуға мәжбүр етесіз. Өйткені сіз тұтас бір халықты рухтандыратын нағыз көшбасшысыз, – деп Бекбаева 2016 жылы Назарбаевқа айтқан болатын.