Мұхтар Жәкішевті Алматы маңындағы түрмеге ауыстырған

Мұхтар Жәкішевті Алматы маңындағы түрмеге ауыстырған

Бұрынғы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевті Қарағанды облысындағы Долинка түрмесінен Алматы облысы Заречный кентіндегі түрмеге қайта апарды.

Бір ай бұрын болған бұл оқиғаны бүгінге дейін ешкім жұртқа жарияламаған. Мамырдың 22-сі күні құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook әлеуметтік желісінде: «Сүйінші! Мұхтар Жәкішевті Долинка кентінен (Қарағанды облысы) Алматы түбіндегі Заречныйға ауыстырыпты. Оның дімкәс денсаулығына Алматының жылы ауа райының шипасы тиетін болды. Хат жолдағысы келетіндерге мекенжайын кейінірек жазармын» деп хабарлады.

Мұхтар Жәкішевтің 25 сәуірден бастап Заречный түрмесінде отырғанын Азаттық тілшісіне оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев те растады. Адвокат өзге жайттарды хабарлаудан бас тартты.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің туыстарымен, оның бұрынғы банкир досы – қазір Францияда Ресейге экстрадициялау шешімін күтіп отырған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен хабарласудың сәті түспеді.

Бірақ Мұхтар Жәкішев шынымен сәуірдің 25-інде этаппен келгенін ресми атауы ЛА-155/8 түрмесі қызметкерлерінің бірі растады. Жұртқа белгілі тұтқынды «өндірістік зонаға» жіберген. Түрме өкілі Жәкішевтің бұл «зонада» немен айналысатынын хабарлай алмады.

Жәкішев «қаржылық ысырап жасады және пара алды» деген айыппен 2010 жылдың наурызында 14 жылға сотталып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге кесілген.

Азаттық

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста