Мәжіліс депутаттары отырыста орысша жауап беруге қарсылық білдірді
Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар орысша сөйлеген шенеунікке қарсылық білдірді деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.
Айта кетейік, жиын барысында ҚР Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын құшақтай келген Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының – Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Дархан Ділмановты депутаттар сауал қойып, қыспаққа алды.
Алайда мемлекетттік тілде баяндама оқып, қойылған сауалға "орысша жауап берейінші" деп қиыла өтінген Дархан Айтқалиұлына депутаттар тарапынан наразылық бірден байқалды. Бірақ "ресми тілдегі" баяндамашыны Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов қорғаштап бақты.
"Дархан Айтқалиұлы Мәжіліске алғаш рет келіп отыр. Сондықтан орысша жауап беруге рұқсат берейік. Қазақша сөйлеу жағын кейін шешеміз ғой", - деді Қабиболла Қабенұлы. Төрағаның тарапынан мұндай қолдау күтпеген болуы керек, езуіне күлкі үйірілген ҰҚК шекара қызметінің өкілі: "Құрметті депутат! Келесі жолы обязательно жауап берем" деп депутаттарды одан сайын қыран-топан күлкіге қарық қылды.
Айта кетерлігі, Қазақстанның Парламентінде, соның ішінде Мәжілісте көп жағдайда орысша баяндамалар тыңдалып, соған басым жағдайда орыс тілінде сұрақтар қойылатыны таңсық емес. Бұл осыған дейін сан рет айтыла-айтыла жауыр болып, соншама сыналып жүрсе де қоймастан қайталанып келе жатқан жағдай. Дегенмен, бүгін депутаттар қазақша сұраққа орысша жауап беруді өтінген Дархан Ділмановке осылай өкпе білдірді.
Мәжілістің өткен сессияларының бірінде Әділет министрі Берік Имашевқа орыст тілінде баяндама жасап, сол тілде барлық сұрақтарға жауап бергені үшін депутат Оразкүл Асанғазы ескерту жасаған еді. Ескертудің елеген министр кейінгі отырыстарда баяндамаларын тегіс қазақ тілінде жеткізетін әдепке көшкен болатын.
Сондай-ақ, отырыс соңына қарай су тасқынына қатысты қайырымдылық шарасы жөнінде ұсыныс жасаған депутат Төлеген Ыбыраев та артынша орыс тілінде бірдеңе дегісі келіп, еді ондай әрекетті әріптестері тоқтатып тастады. Сөйтсек, депутаттың мемелкеттік тіл - қазақ тілінде айтқан ұсынысын тіл білмейтін өзгелер тұтас түсіндік деп, орыс тілінде қайталамауды сұрап отыр екені.
Иә. Дәл осылай жиналыстарда кіл қазақша сөйлеп, білмейтіндер үшін орыс тілінде ілеспе аударманы қамтамасыз ету туралы мәселе көтерілгелі біраз жыл болды. Сол тұрғыдан алсақ, бүгін Мәжілісте бір ерекше күн болған тәрізді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу