"Мәселе шешілмесе, сот тәртібімен қаралады": Еңбек министрлігі Wolt курьерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді

"Мәселе шешілмесе, сот тәртібімен қаралады": Еңбек министрлігі Wolt курьерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Алматыдағы Wolt курьерлерінің ереуілдеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аудан әкімдігінің өкілдері оқиға орнына барған, бірақ жұмыс берушіге бұл норманың күшін жоюды сұраған жоқ. Олар жұмыс берушіден бұл мәселені қызметкерлермен бірге шешуді сұрады. Яғни, орын алған жағдайды өзара келісіммен шешу қажеттігін айтқан. 12, 18 мамырда наразылыққа шыққан қызметкерлерге жұмыс беруші сайттарға кіруге мүмкіндікті шектеді. Осыдан кейін олар тағы да 18 мамырда келді. Осы кезде Алмалы ауданының әкімдігі екі тарапты да келіссөздер үстеліне отырып, мәселені шешуге шақырды", - деді Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 
Айтуынша, екі тарап ортақ келісімге келмегенше жұмыс беруші тарифтің бағасын төмендетпейтінін айтқан екен. 

Өз кезегінде, Wolt қызметкерлерімен азаматтық-құқықтық шарттар жасалғанын ескере отырып, мемлекеттік инспекторлар бұл қатынастарға араласа алмайды. Біз Алматы қаласының еңбек инспекциясы тарапынан жұмысшыларға заң бойынша көмек беруге дайын екендіктерін түсіндірдік. Егер жағдай шешілмесе, бұл мәселе сот тәртібімен қаралады, - деп түсіндірді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

Ол еңбек қатынастары, даулар мен қақтығыстар мәселелері тек үкіметтің ғана емес, президент әкімшілігінің де ерекше бақылауында екенін айтты. Биылдан бастап президент әкімшілігінің басшысы ай сайын еңбек саласы мәселелерін қарау жөніндегі республикалық жедел штаб өткізеді. Сондай-ақ, оның тапсырмасы бойынша ахуалдық орталық, ал өңірлерде мониторингтік топтар құрылды, осы ұйымдар мұндай наразылық жағдайларына аса мән береді.

Еске салсақ, 12 мамырда Алматыда Wolt курьерлері ереуілге шықты. Wolt кеңсесіне жиналғандар жалақының 30%-ға төмендеген жаңа төлем жүйесіне наразы болды.

Алайда мәселені шешілген жоқ, 18 мамырда жеткізу қызметінің курьерлері тағы да наразылық білдіріп, митингке шықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста