Маман көп, бесаспап жоқ

Маман көп, бесаспап жоқ

Кәсіби біліктілігі жоғары маман қай кезде де сұранысқа ие екені белгілі. Әсіресе бүгінгідей инновациялық-индустриялық даму бағытын ұстанған еліміз үшін бұл – күн тәртібінен түспеуі тиіс нөмірі бірінші мәселе. Алайда әзірге дефицит мамандықтардың «тайм аут» алып тұрған шағы демеске амал жоқ. Қазекем еңбек рыногындағы сұранысқа қарамай, баласының креслода отырып, көк көйлек киіп, ақ жағалы атануы үшін барын салады десек ешкім жағамыздан ала қоймас. Жағасы кірлеп, кір жұмысты кім істейді сонда?
Өзінің ауылдасынан, көршісінен еш кем еместігіне шүбәсі жоқ қазекем баласын қаптаған заң оқуларына тықпалаумен әлек. Ал баласы бес жылдан кейін жоғары білімді жұмыссыз болып шыға келетінімен шаруасы жоқ тіпті. Қат маманға деген сұранысты азайту түйіншек болып түйілген мәселелердің бірі болып тұрғанына қарамастан, оны шешу жолдары әзірге бұлыңғырлау. Елімізде экономистер мен қар­жыгер мамандар нөпір болып жұмыс таппай жүргеніне қарамастан, банк саласына ауадай қажет маман тапшы. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. Қаржыгер бол­ғанда да экспорттық қаржыландырумен айналысатын, яғни шетелдік қаржы ұйымдарымен қоян-қолтық жұмыс істей алатын, істің көзін таба білетін, қаржы тарта алатын кәсіби қаржыгерлер тапшы. Оның үстіне олар бірнеше мамандықты қоса атқаратын әмбебап болуы тиіс. Мәселен, ең алдымен, ағылшын тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Ағылшынша ағыза алмайтын, ол тілде нан сұрай алмайтын жағдайдағылар керек емес мұнда. Ең бастысы, келіссөз жүргізе алатындай қабілеті болуы тиіс. Өзі менеджер, өзі банкир, өзі қаржыгер дегендей, әр саладан хабары болуы қажет. Оларға қойылатын талап та өте жоғары. Банк саласындағы тәжі­рибесі төрт жылдан кем болмауы керек. Несиелік бағыттағы сауда қаржыландырудан сауатты болуы тиіс. Мұндай тиісті талап деңгейінен табылатындар некен-саяқ. Жоғары білікті мұндай маманға айына 300 бен 800 мың теңге аралығында айлық төленеді. Еліміздің асты да, үсті де тұнған байлық, соны игеретін маман тапшы деп Асанқайғының зарын қағатын заман өткен. Дегенмен... Бүгінде жердің астындағы кен байлықтарын індете іздеп, барлау жүргізетін геолог мамандарға деген тапшылық та анық байқалуда.
Олар­ға қойылатын басты талап та – ағылшын ті­лін­де ағып тұру. Бірақ тіл мәселесіне кел­ген­де тұсалатындар көп. Мейлі ол өз сала­сының жілігін шағып, майын ішкен кәнігі маман болса да, тіл білмейтіндігінің кесірі­нен таудай талабы­нан айырылады. Бұрын­нан осы саланың нанын жеп, несібесін айырған кәсіби геологтердің дені бүгінде зейнетақыға күні түсулі. Ал жұмыс істеп жүргендерінің өзі жасамыс тартқан. Олар­дың орнын баса қоятындай тәжірибелі мамандар тіптен аз. Тығырықтан шығар жалғыз жол – шетелден маман шақырту. Ол дегеніңіз – кез келген компанияның қал­тасын қағу деген сөз. Теңіз кешіп, тау асып келген «импортный» маманыңыздың араны да апан. Айлық-шайлығына ғарыш­тық баға сұрайды. Қолға түсе бермейтін аса бағалы маман елімізден табыла қалған жағдайда компаниялар оларға 2 миллион 200 мың теңгеге дейін жалақы төлеуге құмбыл.
Бұрын елімізде фармацевтика саласы тұралап тұр деп дабылдайтынбыз. Бүгінде бұл саланың суалған тамырына қан жүгі­ріп, құдайға шүкір дегізерліктей. Еліміздегі бірнеше фармацевтикалық компания  жұмыстарын қарқынды жүргізіп, жыл жыл­жы­ған сайын дамып келеді. Осы сала­ға ауадай қажетті медициналық кеңес­шілер жетіспеуде. Оның міндетіне зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми мақалалар жазу, дәрі-дәрмектердің нұсқаулығын сапасына сай етіп жазу кіреді. 450 мың тең­геге дейінгі жоғары жалақысы бар. Сон­дай-ақ еліміздегі фармацевтика өнді­рісіндегі ең тапшы мамандардың бірі – дәрі-дәрмектің сапасын бақылаумен, қамтумен айналысатын менеджерлер. Бұл бұрын-соңды елімізде болмаған тосын кәсіп десе де болғандай. Бүгінде дәл осы салада несібесін теріп жеп жүргендердің қарасы қалың емес. «Арпа ішінде – бір би­дай» десе де болады. Дәрі-дәрмектің са­па­сы мен тасымалдануын қоса, атқаратын жауапты маманның жұмысы да жауапты. Айына  700 мыңға жуық теңгені қалтасына басып отырар-ды...
Аталған мамандықты алып шыққан­дардың дені тек бір саланы ғана жақсылап меңгеруі мүмкін. Алайда бүгінгі заман талабы басқа. Өз кәсібінен бөлек, басқа сала мамандықтарын да бес саусақтай білуі тиіс. Десек те, бізде бар мамандықтың басын қосқан «ассорти» маман аз. Бауыр­жан Момышұлы атамыз айтқандай, басқа саладан мүлде хабары жоқ, тек өз кәсібін ғана білетін «наданологтер» жеткілікті. Әрине, зулаған заманның бір кірпіші бо­лып қалану да оңай емес. Сан саланы мең­геріп, жан-жақты болуды қоғам қажет етіп отыр. Демек, әмбебап маман болсаңыз ғана ырзығыңыз артып, кез келген жоғары жалақылы жұмысты шертіп жүріп таңдай ала­сыз. Маманға мұқтаж мекеме аттай қа­лап, жалынып шақыратыны сөзсіз онда... Прогрестің, ғылымның дамуын қажет ететін уақытта білімді кадрларды күндіз шам алып іздесең де, таптырмайтын халге жеткеніміз анық. Өзімізден еш артықшы­лығы жоқ шетелдік маманға көзімізді сатып отырған қазіргі шарасыздықтан шы­ғудың жолы, әрине, кадрлар біліктілігін арттыру. Бірақ қайтіп? Сансыз сауал... Ма­мандық таңдау мәселесін мектепте шешіп алу қажет сияқты. Оның үстіне тиісті минис­трліктер сұранысқа ие мамандарды алдын ала нақтылап отырса... Сонда жұ­мыс­­сыздықтың алдын алуға болар, бәлкім?
Наталья КУРКЧИ, Antal Kazakhstan рекрутингілі компаниясының директоры:
– Нарықтың тоқтаусыз дамуы мен жаңа жұмыс аймақтарының  көбеюі қат мамандарға мұқтаждық тудыруда. Онда жұмыс істей алатын, атқаратын жұмысынан хабары бар білікті маман­дар тапшылығы сезілуде. Оларды оқы­тып, дайындап, тәжірибе жинақтату үшін біршама уақыт қажет.

Берік БАҚКЕЛДИЕВ, студент:
 – Жоғары оқу орнын бітірген аға-апаларымыздың бүгінде жұмыссыз жүргені көп. Әсіресе ақылы оқуды бітір­гендерге тіптен обал. Жұмыс сұрап барғандардан бірден тәжіри­бең бар ма деп сұрайтын көрінеді. Сонда уни­вер­ситетті кеше бітірген жас маман тә­жі­рибені қайда барып жинақтайды? Алдымен осы мәселені шешіп алған дұрыс-ау. Жоғары оқу орындары зауыт­тармен, фабрика­лармен бірлесе жұ­мыс істеп, тәжіри­беден өткізіп отырса... Сосынғысын жыл сайын тапшы маман­дарға сұраныс жасап отырса игі болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста