Батыс Қазақстан облысында ұзаққа созылған дауға сот нүкте қойды. Орал қалалық соты «Кублей» ЖШС талабын қанағаттандырудан бас тартты. Алайда судья Бақтияр Жорабаев зауыт жабылмайды, жұмысын жалғастыра береді деп сендірді. Оның сөзінше, өндіріс орнының жұмысшылары мен зауытқа ет өнімдерін өткізетін шаруа қожалықтарына алаңдауға негіз жоқ.
Даудың басы 2020 жылы «Кублей» зауытының жанынан әкімдіктің «Циалковский» көшесінен тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бергенінен басталған. Әкімдік 2014 жылы Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны шығарып жіберген. Яғни, өндірістік аймақты тұрғын үй салатын жер деп өзгертіп, өтіп кеткен уақытпен заңдастырмақ болған. 2020 жылдың мамыр айында басталған дауға бүгін сот нүкте қойды.
«Кублей» зауытының талабын екі жылға қоссылған сот «Циалковский көшесіндегі 2,3,4 тұрғын үйлерін салу бойынша әкімдікті Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны заңсыз деп танымайды»,-деді судья Жорабаев.
Тура 2 жыл бұрын облыстық сот Орал қаласының әкімі болған Абат Шыныбековтың шығарған қаулысын заңсыз деп таныған еді. Алайда, соттың шешіміне қарамастан бірнеше аптадан кейін БҚО әкімдігіне қарасты мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесі «Ирменова» жеке кәсіпкерлігіне құрылыс жұмысын монтаждауға рұқсат береді. Осы жайттан кейін «Кублей» зауытының өкілдері 6 ай бойы арыз-шағым түсірумен айналысады. Ал бұл уақыт аралығында құрылыс компаниясы көпқабатты үйді соғып тастайды. Дауға ҚР Жоғары сотының төрағасы Жақып Асанов та араласқан. Салдарынан облыстық соттың шешімі бұзылған болатын. Сотттың баспасөз қызметі «Кублей» ЖШС ісі бойынша бірден жедел мәлімет таратты.
БҚО МАЭС «Кублей» ЖШС-нің Орал қаласының Әкіміне, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне әкімдіктің шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап арызын қарады. Орал қаласы, Циалковский көшесі 1 мекенжайы бойынша тұрғын үй ғимараттарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
- өнеркәсіптік және санитарлық-қорғаныс аймақтарында тұрғын үйлерді салу кезінде бақылауды жүзеге асырмау әрекеттерін заңсыз деп тану және нысаналы мақсатын өзгертуге келісу.
Сот сенімді түрде анықтады:
1. Талапкердің өзі санитарлық қорғау аймағын белгілемеген.
2. Талапкер «Ирменов» ЖК даулы 5 қабатты үйлер бой көтерген жер теліміне қатысты қосалқы мердігер болып табылмайды.
3. Зауыттың 600 жұмысшысы мен 3 мың шаруа қожалығы жұмыссыз қалады деген уәжі негізсіз.
Өйткені зауыттың негізгі өндірісі даулы аймақтың жанында емес, қала сыртында орналасқан.
Даулы аймақта орналасқан:
- зауыт кеңсесі,
-қоймалар,
- 1 өндірістік цех,
- темір жол төсемі,
Сот мынадай қорытындыға келді: жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту қаланың Бас жоспарының тұжырымдамасына сәйкес жүргізілгендіктен, тұрғын үйлерді салу талапкердің (зауыттың) ешбір құқығын бұзбайды.
Зауыттың:
- Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық эпидемиологиялық станциясы,
- Құрылыс бойынша комитеттің қорытындысы;
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемелерінің жауаптарына сілтемелері де дәрменсіз:
Санитарлық ережелерді бұза отырып, ЖШС өзі 2015 жылы зауытты пайдалануға беру кезінде жобалық-техникалық құжаттамада санитарлық-қорғау аймағының болуын көрсетпеген. Осы уақытқа дейін олардың шекарасын белгілеу бойынша шаралар қабылданбаған, сондықтан зиянды шығарындылардың көзі анықталмаған.
Осыны ескере отырып, сот ЖШС-нің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Тараптар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
«Кублей» зауытының талабын сот қанағаттандырмады
Последние статьи автора