Жастар арасында асқазан-ішек жолдары ауруына шалдыққандар көбейді. Астан ауру тапқандардың дені тез дайындалатын тағамдарды тұтынған. Алайда дәрігерлердің айтуынша кқше тағамдары онкологиялық аурулар тудырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Қазір тағамның түр-түрі дүңгіршектерде толып тұр. Әсіресе жұмысбасты, күйбен тіршілктен қолы босамай жүргендер үшін мұндай орындар үлкен жеңілдік. Ал самса, донер сататын мұндай ғимараттардың ішіндегі аспаздар санитарлық талаптарды сақтап, сақтамайтыны белгісіз.
Адамның астың сапасына, тазалығына көп көңіл бөлуі керектігі жиі айтылады. Десе де, оны ескермейтіндер көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 проценті сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда денсаулыққа тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, біртіндеп істен шығарады.
“Фастфудта майлар мен көмірсулар көп. Оның ішінде ағуыздар, адам ағзасына пайдалы дәрумендер жоқ. Шұжықтар, сосискалар олардың құрамында алқызыл түс беретін нитраттар қолданады. Ол нитраттар канцероген болып табылады. Яғни, онкологиялық ауруларға алып келуі мүмкін”, – дейді дәрігер Айдана Аязбек.