Коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды
COVID-19 пандемиясы басталғалы бері елімізде 109 907 адам инфекция жұқтырып, 1 806 науқас қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан үш адам және пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Ал қазір 2 716 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 177 бала бар.
"Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 101 адамның жағдайы ауыр, оның ішінде 10 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", &ndash делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша 181 адамға пневмония диагнозы қойылды. 141 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды.
Жалпы коронавирус пандемиясы басталғалы 109 907 адам инфекция жұқтырып, 1 806 науқас қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
Бірінші тамыздан бері елімізде 36 381 адамға пневмония диагнозы қойылды, 390 адам көз жұмды.
 
 sputnik.kz