Коронавирус пен пневмониядан 74 адам қайтыс болды
Қазіргі таңда 71 221 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жүр
Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 64 адам коронавирустан және 10 науқас ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны бойынша тағы да рекорд жаңарды. Өткен тәулікте барлығы 6119 науқас тіркелді. Ал 233 науқастан вирустық пневмония анықталды.
COVID-19: Бір тәулікте анықталған науқастардың саны 6 мыңнан асып кетті
Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (– 69 436 + және 1785 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, ал 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1258 адамның жағдайы ауыр;
- 274 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 166 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.