Қаржы компаниясының басшысы, бизнесмен Жандар Садықов көмекке мұқтаж отбасыға пәтер сыйлайтынын мәлімдеді.
Жандар Садықов желіде жәрдемге мұқтаж отбасылардың бірін баспана сыйламақ ниетін білдірді.
“Астанадағы 5 баланың өлімі бәрімізді есеңгіретіп тастады. Көпшілік бұған мемлекетті кінәлап жатыр. Бірақ, бәрі өткен күннің еншісінде. Біреуді кінәлағаннан пайда жоқ. Елімізде көпбалалы отбасылар, басында баспанасы жоқ отбасылар көп. Сондықтан мұсылман ретінде, елімнің патриоты ретінде мен өз қаражатымнан бір бөлмелі пәтерді көмекке мұқтаж отбасыға сыйлағым келеді. Баспанаға зәру отбасылар cashlombard мекен-жайына өздері жайлы ақпарат жазып қалдырсын. Еліміздің өзге де бизнесмендеріне бей-жай қалмауға, көмек қолын созуға шақырамын”, – деді бизнесмен.
Көпшілік жомарт жігіттің батылдығына риза болып, ақ тілегін жазып жатыр.
“Сендей азаматтар көп болсы, Алла ісіңе береке берсін. Алла разы болсын”, “Сауапты іс жасар жатырсыз, отбасыңыз аман болсын”, – дейді желідегілер.
Stan.kz