Кенен ақынның ескерткіші бой көтерді

Кенен ақынның ескерткіші бой көтерді

Алматыда қазақтың әйгілі ақыны, жыршы, халық композиторы Кенен Әзірбаевтың ескерткіші ашылды. Заманының көркем шежірешісі бола білген әдебиет қайраткерінің мүсіні үшін көп жобаның арасынан ең үздігі таңдалған.
Ескерткіштің ашылуына жергілікті билік өкілдері, әдебиет пен мәдениет саласының өкілдері және жыр­шының бүгінде бір үлкен әулетке айналған ұрпақтары жиылды. Халық ақынының мүсіні Ескендіров пен Әзір­баев көшелерінің қиылысындағы алаңқайға орна­тыл­ған. Ескерткіш авторлары – белгілі мүсіншілер Бақыт­жан Әбішев пен Ескен Сергебаев. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Кенен Әзірбаев мұрасы қазіргі ұрпақты отаншылдық пен елдікке баулудың жарқын үлгісі бола алады. «Кенен Әзірбаев қазақ әдебиеті мен музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның ескерткіші Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында ашылып отыр. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында жастар арасында отан­шыл­дықты ата-бабалардың мәдени мұрасы негізінде тәрбиелеу керек­тігін айтқан болатын. Кенен Әзірбаев шығар­ма­шылығы – соның үлгісі», – деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. 92 жыл өмір сүрген Әзірбаев халқымыздың ХХ ғасырдың басынан 70-жылдардың орта шеніне дейінгі басынан кешкен тарихының әдеби-көркем шежіресін жасады. Ұлт-азаттық қоз­ға­лыс­тар, патша жарлықтары, ұжым­дас­тыру, ашар­шы­лық, қуғын-сүргін, фашизммен соғыс, тың игеру – бәрі-бәрін шығармашылығына арқау етіп, жыр жолдарымен азаматтық көзқарасын білдіріп отырды. Қазақ әдебиетін өлеңдермен, жыр-дастан­дармен, толғау-арнаулармен толықтырды. 150-ге жуық ән шығарып, 200-ден астам лирикалық-дидактикалық толғау туғызды. Жетісу мектебінен түлей отырып, халқымыздың әншілік-күйшілік дәстүрін жетілдірді. Кенен өмірге әкелген «Бозторғай», «Көкшолақ», «Ой, бұлбұл» сияқты көптеген танымал ән қазақтың музы­ка­лық мұрасы қатарына қосылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Бақытжан Кененұлы, халық ақынының ұлы, ҚР Жур­налистер одағының мүшесі:
– Тәуелсіздік күніне орай жыр алыбы Жамбыл баба­мыздың шәкірті әрі оның 40 жыл бойғы серігі болған әнші, халық ақыны Кенен Әзірбаев ескерт­кішінің бой көтеруі – тек алматылықтарға ғана емес, күллі Қазақ елі үшін үлкен қуаныш. Бұл ақын­ның ұрпақтарының, ауылдастарының, әдебиетші, мәдениетші қауымның ойында көптен жүрген іс еді. Бүгін сол арман орындалды. Біз өткен тари­хы­мыз­ды ұмытпауымыз керек. Елбасымыз Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарынан бастап мәдени мұраны жинап, жоғалтқанымызды табуды, оны келешек ұрпаққа табыс етуді қолға алған болатын. Қазір Кенен Әзірбаев жайлы білмейтін, оның тағы­лымы мен мұрасынан бейхабар, ой-өрісі басқа ұрпақ келеді, ескерткіш – солар үшін жасалған нәрсе. Мүсін көңілімізден шықты, ескерткіш үшін бір­неше нұсқа ұсынылған болатын. Мамыр айында мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұ­хаммед қатысқан комиссияда осы нұсқаны таң­дадық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста