Шымкенттік ғалымдар адамға өте қауіпті қансорғышты құртудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Биологтер қырым қанды безгегін тарататын кенеден өзге жәндіктердің көмегі арқылы қорғануға болатынын айтады. Бірнеше жылдан бері осы жәндікті зерттеп келе жатқан биология ғылымының докторы Мәжит Қожабаев өзінің бұл жаңалығын әзірге зертханада ғана сынап көрген.
Ғалым жұмыртқасын кенеге салатын жәндіктерді зертханада өсіріп, жайылымдарға жіберу керек деп есептейді. Жаңалықтың оң нәтиже беретініне сенімді. Жәндіктер өзінің жұмыртқаларын кенелердің лимфаларына салады. Жұмыртқалар көбейеді. Бала құртқа айналады. Олар кененің ішін жеп, өздері ұшып шығып кетеді. Кенелер өліп, сыртындағы қабығы, кителі ғана қалады. Мамандар қансорғыштан құтылудың химиялық тәсілінен гөрі биологиялық жолын пайдалануды жөн санайды. Биыл өңірде жалпы 4 мыңнан астам адамды кене шаққан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Сондықтан мамандар кенеден әлі де абай болуы керектігін ескертеді. Кене шағу туралы мәліметтер, әсіресе Бәйдібек, Созақ, Отырар, Ордабасы ауданы, Түркістан және Шымкент қалаларында көптеп тіркелуде.
Кенеден құтылудың тың әдісі табылды
Последние статьи автора