Келестік полицейлер қайырымдылық жасады
Тәртіп сақшылары - қылмыспен күресуде қарқынды жұмыс атқарып, әділдіктің шыңында жүретін, қайырымдылық шарасынан да қалыс қалмайтын жандар.
Мәселен Келес аудандық полиция бөлімінің кадр саясаты тобы мен жедел криминалистика тобының қызметкерлері бірлесіп, «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Абай ауылының тұрғыны көпбалалы, жалғызбасты ананың отбасына арнайы барып, балаларын қуантып қайтты. Тұрмысқа бірінші кезекте қажетті азық-түліктер апарып, игі іс жасады.
Тәртіп сақшыларының ниетіне дән риза болған балалар өздерінің қуаныштарын жасырмады. Өткізілген қайырымдылық шарасы барысында көпбалалы ана Гүлжаухар Тұрдалина полицейлерге өзінің ризашылығын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу