Кәсіп ашатындардың сауаты ашылды

Алматының 80 тұрғыны екі күндік арнайы курстан өтіп, кәсіпкерлікпен айналысуға қажетті білім алды. Білім жетілдіру дәрістерін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Халықаралық бизнес академиясы бірлесіп ұйымдастырған.

Бұл Алматы қаласы әкімдігі мен «Даму» қоры арасында кәсіпкерлікті дамыту және «Бизнес кеңесші» бағдарламасын іске асыру туралы өзара әріптестік жөніндегі меморандум шеңберінде өткізіліп отыр. Тегін кәсіпкерлік білім алғандардың арасында бизнес өкілдерімен бірге, жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген тұрғындар, ЖОО соңғы курс студенттері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері болды. Тренингтер кәсіп ашу, істі тиімді жүргізу және бизнесті дамытудың қыр-сырын үйрету тақырыптары бойынша өтті. Курстан өткендердің кез келгені енді өз еркімен бизнес-жоспар әзірлеп, салық пен есептілік тәртібін жүргізе алады. Айта кетейік, мұндай семинар-тренинг еліміздегі 186 ауданда өтіп, оған барлығы 9670 адам қатысты.

Ерік Оспанов, тыңдаушы:

– Бұл оқу курстарына жасым бел ортаға келіп қалғанына қарамай, екі күн бойы қалмай қатыстым. Арасында жастар да, студенттер де жүр. Өзімнің 10 гектар меншікті жерім бар. Шаруа қожалығын ашып, өнім өндірсем, оны өңдеумен айналыссам деп жүрген жайым бар еді. Кәсіп ашуды, тиімді жүргізуді тегін оқытады екен деген соң келіп едім. Біз өзі біреудің айтқанын құлаққа ілмейміз ғой. Мұнда айтылған жақсы кеңестер әжептәуір іске жарайтынын көріп тұрмын. Оның үстіне керек мағлұматтарға толы кітап берді.

Бексұлтан Тұрғанбекұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:

– Оқу курсын ұйымдастыру – елімізде әлеуметтік басымдық беріліп отырған жобалардың бірі. Міне, алғашқы пилоттық дәрістеріміз сәтті өтті. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер тарапынан, әсіресе аймақтардағы тұрғындардан бизнес туралы білім алуға сұраныс көп. Сондықтан келер жылы мұндай тренингті екі рет өткізу туралы шешім қабылданды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста