«KADEX – 2016» халықаралық көрмесі – бұл соңғы уақыттағы қазақстандық қорғаныс саласындағы ең ауқымды және сұранысқа ие іс-шара. Көрмеде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің тың жетістіктері, сондай-ақ әлемдік перспективалық әзірлемелер көрсетіледі.
«KADEX» көрмесі биыл төртінші рет өткізілгелі отыр. Жыл сайын келіссөздер өткізу үшін Астанамызда өтетін іс-шараға келетін қару-жарақ, әскери және арнайы техника өндіретін қазақстандық және шетелдік қатысушылардың, іскерлік орта өкілдерінің саны артып келеді. Егер 2010 жылы көрмеге 156 қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысса, 2012 жылы – 253, 2014 жылы – қатысушы компаниялардың саны 300-ге жетті.
Осы жылы көрме бағдарламасы мазмұнды және әсерлі болады. Экспозиция 8 павильонда және ашық алаңдарда өрістетілді. Жалпы көрме алаңы 90 000 шаршы метрді құрайды.
Көрмеге шетел мемлекеттері қорғаныс ведомстволарының 40-тан аса ресми делегациясы, сондай-ақ статика түрінде өз өнімдерін ұсынып, техниканың әрекет етудегі мүмкіндіктерін көрсететін әлемнің әр елінен әскери техника шығаратын 350-ден аса компания келді.
Заманауи технологиялардың дамуы мен олардың өмірімізге, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібіне ықпал етуін ескере отырып, биылғы жылы көрменің негізгі секцияларын біз IT-технологиялар, робот техника, авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы өзге де озық бағыттар аясындағы тың жаңалықтарға арнадық.
Алғаш рет қазақстандық өндірістің «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары мен «Барыс» броньды транспортеры көрсетілетін болады. Бұл ұрыс машиналары Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін отандық кәсіпорында шығарылады.
Көрменің көрсетілім бағдарламасы Қазақстан Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелері және әскери бөлімдердің жарақтандыруында тұрған жауынгерлік техниканың қатысуымен көрсетпелі көрсетілімдерді қамтиды. Қатысушылар мен қонақтар қазақстандық ӘӘК-нің авитатехникасын, Құрлық әскерлері әскери техникасының үлгілерін тамашалай алады.
«Қазақстан инжиниринг» компаниясының тобы көрмеде 20 кәсіпорынмен ұсынылған. Ашық алаңдарда 47 үлгі, жабық павильондарда 95 үлгі және 27 сұлба ұсынылған.
Іс-шараның ауқымдылығы броньды танкті техниканың және қару-жарақтардың өзге де түрлерінің пайдалану, жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оның ішінде, шетелдік серіктестердің өндірісімен бірлесе қару-жарақтың әзірлемелері мен үлгілері, сондай-ақ еншілес ұйымдарымыздың өнімі алғаш рет паш етіледі. Атап айтқанда:
- әртүрлі модификациядағы Ми-17 жаңғыртылған тікұшақтары;
- Т-72А, Т-72Б жаңғыртылған танктері;
- әртүрлі қару-жарағы бар әртүрлі модификациядағы «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары;
- оптика-электрондық приборлар мен коллиматорлық тіркемелер.
«KADEX» көрмесінде қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің тың жетістіктері мен әлемдік өндіріс үлгілері көрсетіледі
Последние статьи автора