Ішкі істер министрі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ішкі істер министрі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

 

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

 

Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. “Халықтың көзі, құлағы һәм тілі” ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер.

Полиция азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады. Біздің негізгі мақсатымыз – ашықтықты, жариялылықты, сондай-ақ біздің қызметіміздің тиімділігі мен кәсібилігін барынша қамтамасыз ету. Ал азаматтардың сенім деңгейі – біздің жұмысымыздың басты индикаторы.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен толыққанды өзара іс-қимыл жасамай, осы міндетті шешу мүмкін емес.

 

Сіздер мемлекеттік органдар мен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген маман иесісіздер. Әрқайсыңыз шынайы ақпарат таратудың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көрінетіңдеріңізге сенімдімін.

 

Журналистер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін!

 

Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс, отбасыларыңызға бақ – береке тілеймін!, – делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста