iPhone 13 Ангелинаға бұйырды

iPhone 13 Ангелинаға бұйырды

Қарағанды облыстық Полиция депар­таменті интернет-алаяқтар туралы бейнероликтер байқауын ұйымдастырды. Үш бірдей банк демеушілік еткен шығармашылық сайысқа мектеп оқушылары, сту­денттер, блогерлер және журна­лис­тер қатысып, бақ сынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

Құрамына БАҚ өкілдері, қоғам қай­раткерлері және банк саласының қызмет­керлері енген қазылар алқасы байқаудың бас жүлдесіне №15 орта мектептің оқу­шысы Ангелина Газдиева лайықты деп тапты.

 

Жеңімпазға бас жүлде – соңғы үлгідегі iPhone 13 Pro ұялы телефонын Қазақстан Жур­налистер одағының Қарағанды об­лыс­тық филиалының директоры Жәні­бек Садықанов табыс етті.

 

Ангелина Газдиева төрт жылдан бері видео түсіріп, бейнемонтаж жасаумен айналысып келеді екен.

 

– Үлкенге де, кішіге де жаңа дүние ұсы­натын тек танымдық бейне ролик­тер түсіремін. Байқаудың шарты бойын­ша ұсынылған тақырып мені қатты қызықтырды. Мен түсірген бейне-роликті көріп, адамдар интернет-алаяқтық деген не және онымен қалай күресуге болатынын білуі үшін барымды салдым. Жеңіске жетемін деп күткен жоқ едім. Әлбетте, өте қуаныштымын! – деп ағынан жарылды Ангелина.

 

Сондай-ақ байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Айсұлтан Жақыпов алса, Бекжан Есенов екінші жүлдені, ал Елена Сахарчук үшінші орынды иеленді.

 

Марапаттау рәсімінің соңында Қара­­ғанды облыстық ПД басшысының орын­басары Әбіл Әбілдин байқауға қатысу­шыларға алғыс айтып, әріптестік негіздегі ынтымақтастықтың алдағы уа­қытта да жалғасын таба береріне сенім білдірді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста