Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босады

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босады

«Қазақстан гольф федерациясының» жаңа президенті болып Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кәсіпкер Берік Қаниев тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Берік Қаниев - қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол «Lancaster Group Kazakhstan» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ білім беру, спорт және экология саласындағы бірқатар әлеуметтік жобаның құрылтайшысы. Олардың қатарында «Jas Qyran» футбол орталығы, Республикалық физика-математика мектебі, Физмат Эндаумент қоры және «Air Vision» экофонды бар. Сондай-ақ меценат ретінде «IQanat» және «Аналар Үйі» жобаларын қаржыландырады.

 

Федерацияның жаңа президенті Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті. Сонымен қатар осы олимпиадалық спорт түріне жастарды тарту үшін балалар мен жасөспірімдер гольфін дамытуды жоспарлап отыр.

 

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып былтырғы жылдың мамыр айында сайланған. Ол федерацияның бұған дейінгі басшысы Нұртай Әбіқаевты алмастырған еді.

 

Елімізде гольф федерациясы 2006 жылы құрылған. Содан бері спорттың осы түрінен астанада гольф клубы ашылып, «Ambassador'sCup» турнирі өткізіле бастаған. Оған Қазақстанның саяси қайраткерлері, шетелдік бизнес-қауымдастықтың және елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысқан.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста