Ясауи кесенесінің күмбезі құлағалы тұр

Ясауи кесенесінің күмбезі құлағалы тұр

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында қалаулылар мінберінен сөз алған депутат Розақұл Халмұрадов үкіметбасына екі бірдей сауал жолдады. Оның біріншісінде Розақұл Сатыбалдыұлы Орталық Азиядағы теңдессіз тарихи жәдігер саналатын, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген, ғажайып сәулет ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Ассамблеялық депутаттың сөзіне қарағанда, 1993-2000 жылдар аралығында Түркияның «Вакиф Иншаат» фирмасы кесенеде реставрация, күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Алайда еліміздің құзыретті мекемелері әлгі фирманың жұмысын тиісінше бақылауда ұстамағанға ұқсайды. Кейіннен сапасыз атқарылған істің салдарынан кесене іргетасының гидроизоляциясы, бөлмелерінің желдетпе жүйе­лері сыр берген. «Осының салдарынан қазір көр­кем кесененің қабырғалары тұздана бастапты. Ал бұл кірпіштің үгітілуіне, оның сапалы құрамын жойып, езілуіне әкеліп соққан. Бұдан кесене үстіндегі үлкен күмбездің құлау қаупі туып отыр», – деді Р.Халмұрадов.
Мәселенің байыбына үңіле түссек, бұл жағ­дайды «Ясауи кесенесін қорғау» қоғамдық бірлестігі жоғары жаққа жеткізген сыңайлы. Бірлестіктің жанайқайынан кейін облыс әкімдігі тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылыпты.
Олар кесенені зерттеп, шұғыл атқа­ры­луға тиісті шараларды да белгілеп берген. Қа­жетті қаржы есептеліп, Үкімет басшысы­на сұрау да салынған. Енді халық қалаулы­лары осы мәселені аяғына дейін жеткізуге ниет­ті. Бұл ассамблеялық депутаттың бірін­ші мәселесі.


Өзбек, ұйғыр һәм қазақ депутаты теледидардағы тіл мәселесіне алаңдады
«Еліміздегі телеарналарда қазақ тілін­дегі бағдарламалар салмағы кеміді. Есе­сіне, қостілді бағдарламалар мен субтитрлі аудар­малар қаптап кетті. Жасөспірімдерге арнал­ған аргентиналық телехикаялар көрер­мендерді әдепсіз әрекеттерге «тәр­биелеуде». Сорақы хикаяларда бесіктен белі шықпаған оқушы қыздардың «интим­дік қатынасқа» түсуі күнделікті өмірдегі қалыпты жағдай ретінде көрсетіліп келеді», – деді депутат. Розақұл Сатыбалдыұлының айтуынша, жеткіншектердің сана-сезімін улап, рухани дамуға кері әсерін тигізетін аталмыш көріністер халықтық психология мен ұлттық менталитетімізге мүлдем кереғар. Сонымен бірге, халық қалаулысы қазақстандық телеарналарды жаулап алған шетелдік сериалдарға, Ресейден көшіріп басылатын «сиықсыз шоуларға» байланыс және ақпарат министрінің наза­рын аудартқысы келетінін білдірді. Бүгінгі буын­ның классикалық туынды­лардан алшақ­тағанына қатты қынжылатынын да жасыр­мады. «Жабайы жаһанданудың улы тамы­ры – батыстың сапасыз даңғырлақ әуені мен киносынан арылып, ұлтымыздың дәс­түрлі мәдениетін кейінгі ұрпаққа қай­ма­ғын бұзбай жеткізу үшін телеарналардан ұлттық қазынаны көрерменге ұсынуға қа­шан қол жеткіземіз? 24 сағат қазақ тілінде сөйлейтін, жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелейтін, мектеп оқушыларының бо­йынан Отанға сүйіспеншілікті оятатын теле­ар­налар тура қай жылы, қай айда ашы­лады? Мағынасыз шоуларды сыпырып тастап, қазақи рухтағы туындылар қашан теле­ар­надан орын алады?» – деді Р. Хал­мұрад­ов. Атқарушы билікке бағытталған осы сауалға депутат Р.Халмұрадов, М.Ах­ма­диев пен Н.Өнербайлар қол қойыпты.
Малшыға да диплом керек пе?
Керек екен. Әсіресе, бос жатқан жайы­лымдық жерді жалдап алу үшін аса қажет боп тұр. Тура осы мәселе жазғы каникулда ауыл аралап жүрген депутат Рамазан Сәр­пековке бірнеше мәрте көлденеңдепті. «Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнді­рісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру ережесі бойынша бұрын пайдалануға берілмеген мемлекет мен­шігіндегі учаске­лер жалға беріледі. Осы конкурсқа қаты­сушы ретінде тіркелу үшін біршама құжат керек. Осы топ құ­жаттың міндетті бір тала­бы – білімі туралы диплом көшірмесі екен. Яғни жоғары немесе орта білімі туралы дип­ломы болуы тиіс деген сөз. Осының сал­дарынан ұзақ жылдар бойы малдың соңында жүрген, әйтпесе өмір бақи жер тырмалап келе жатқан ауыл­дағы «дип­лом­сыз» шаруалар жайы­лым, ша­бындық, тым болмаса жайлау алу құқы­нан шеттетіліп отыр», – деп таңғалды Р.Сәрпеков. Депутат ағамыз «дипломсыз» шаруақорлардың құқын шектейтін осы олқы норма туралы тиісті органдарға ха­бар­ласып, бәрін де мойындатып үлге­ріпті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста