Генералдар қатары молая түсті

Мансұр ХАМИТ (фото)

Адамзат санасында өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысының 66 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекесі күні қарсаңында бар ерік-жігерін отан қорғау ісіне, әскери қызметке арнаған біраз адам жоғары әскери атақтарға ие болды. Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір топ әскери қызметкерге жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беріп, қызмет барысында ерекше көзге түсіп, ерлігімен ерекшеленген азаматтардың өңіріне жоғарғы мемлекеттік наградалар тақты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев әрбір әскери қызметкердің генерал атағына жетуі үлкен мәртебе екенін айта келіп, сонымен қатар әскери шеннің оларға айрықша міндет жүк­тейтінін ескертті. «Біз 7 мамыр күні Отан қор­ғаушылар күнін мерекелейміз. Қалыптасқан дәстүр бойынша осы мейрам қарсаңында біз әруақытта өзі­нің қызметінде жетістіктерге жеткен, тәлімімен, білімімен Отанымызға қызмет етуде еңбек сің­ір­ген үздік адамдарды марапаттаймыз. Бүгін осы дәстүр бойынша бір топ біздің әскери және құқық қорғау органы қызметкерлеріне жоғары әскери шен – генерал атағын беру үшін жиналып отырмыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекесі жылында сіздер осындай марапатқа ие болып отырсыздар. Өз қыз­меттеріңізбен, атқарған жұмыстарыңызбен осын­дай дәрежеге жетіп отырсыздар. Сон­дық­тан осы марапаттарыңызбен сіздерді шын жү­ректен құттықтаймын», – деп атап өтті мемле­кеттік наградаларды салтанатты түрде тапсырып тұрып.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Майкеев генерал-лейтенант әскери атағы­на ие болса, Бауыржан Әбжанов, Тұрысбек Әли­асқаров, Алмаз Әсенов, Олег Бижанов, Алмас Жұмакеев, Марат Қолқабаев, Рысбек Көшербаев, Марат Өсіпов, Дәулет Оспанов, Исатай Сартаев секілді әскерилер генерал-майор атанды.
Ал Нұрлан Орманбетовке авиация генерал-майоры деген атақ берілді. Сонымен қатар өртке қарсы қызмет генерал-майоры арнайы атағы Серік Әубәкіровке, әділет генерал-майоры арнайы атағы Сұлтан Құсетовке тапсырылды. Бұған қоса 2-санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені – Асхат Дауылбаевқа, 3-са­наттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі сы­ныптық шені Берік Асыловқа берілді.
Айтпақшы, еліміздегі саны саусақпен санарлық қана контр-адмиралдар саны тағы бір адамға толықты. Әскери теңіз күштерінің бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов иығына контр-адмирал шенін тақты. Қазақ тарихындағы тұңғыш контр-адмирал Ратмир Комратов болса, екінші рет осындай атаққа Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкері Кенжемерген Әбікеев ие болғанын білеміз. Жандарбек Сәдуұлы – осындай атаққа ие болған үшінші әскери адам.
«Аталған атақ-шендеріңіз құтты болсын! Әскери адам үшін, өзінің ғұмырын осындай жұмысқа арнаған қызметкер үшін бүгінгі күн өте бақытты деп санаймын. Әсіресе Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында алып отырған шен-атақ­та­рыңыз есте қалады деп санаймын. Иық­тарыңызға таққан шенмен бірге мемлекет барлығыңызға үлкен міндет жүктеп отыр», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Ақордада сол күні Нұр­сұл­тан Назарбаевтың қолынан бірқатар әскери және құқық қорғау органдарының қыз­меткері мемлекеттік наградалар алды. Қорғаныс министрлігі бойынша Құрбан Қаражанов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденін алса, Төлеген Доламбаев, Марат Жүсіпов, Ризат Қолпашев, Дәурен Қосанов, Евгений Массалимовтер ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды. Ал Марат Ботин мен Айбол Сапаров «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Денис Бартенев, Тұрғанбек Стамбековке берілсе, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Арман Қалиевқа бұйырды. Сонымен қатар Республикалық гвардия және Президенті күзеті қызметі, Ішкі істер министрлігінің озат қызметкерлер де I-ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне, «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Ерлігі үшін» медалдарына ие болды.
Жандарбек ЖАНЗАҚОВ, Әскери теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал:
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың қолынан жоғары атақ – контр-адмирал шенін алып отырмын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Жоғары Бас қолбасшымыздың осылай сенім біл­діруі бізге – Әскери теңіз күштеріне үл­кен күш беріп, жігерлендіре түседі. Бар­лық азаматтарды Отан қорғаушылар күні­мен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста