Ғаламторда клиентпен дөрекі сөйлескен банк қызметкері туралы видео жарияланды
Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің біріндегі қызметкердің клиентпен өте дөрекі сөйлегені туралы видео ғаламторда қызу талқылануда.
"В контакте" желісіндегі "За тебя Баке" тобы жариялаған видеода банк қызметкерінің телефон арқылы несие төлеушімен қалай сөйлескені көрсетілген.
Телефон арқылы несиесін төлемеген клиентті айқайдың астына алған қызметкер "Адам емессіз! 2-3 ай бойы кредит төлемей қалай ұйықтайсыз? Алдымен қызыңызды тәрбиелеп алыңыз!", - деп дауыс көтерген.
Әдетте, несие алушы клиенттермен мәдениетті әрі сыпайы сөйлесетін банк қызметкерлерінің бұл әрекеті әртүрлі пікір тудыруда.
Топта пікір қалдырған қолданушылардың бір бөлігі қарызын өтей алмаған адамды кінәлап, қызметкер өз жұмысын атқарып отыр десе, екінші топ несие беруші банкті, дөрекі сөйлеген қызметкерді кінәлаған.