ЕҰУ студенті екі күн ішінде «жұлдызға» айналды

23 сәуір күні болған жалпықалалық сенбілікте Еуразия ұлттық универсиетінің студенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батасын алды. Бұл туралы ЕҰУ баспасөз қызметі хабарлайды. Ол – Сайлаубекова Альмира Алтынбекқызы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің студенті. 1997 жылы 26 қарашада Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. 1-10-сыныпты Жантеке ауылында оқып, 11-сыныпты №2 Қосшы орта мектебінде бітірген. 23 сәуір күні қалалық сенбілікте «Мәңгілік ел» монументіне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күтпеген жерден келіп, журналистерге сұхбат берді. Содан соң Еуразия ұлттық университетінің студенттерінің жанына келіп тоқтайды. «Мен алдыңғы қатарда тұрған едім, Елбасы «Қай оқу орнынан боласыңдар?», - деп сұрады. Біз іргесін өзі қалаған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, оның ішінде филология факультеті, қазақ тілі және әдебиет мамандығынан екенімізді жеткіздік. Нұрсұлтан Әбішұлы күлімдеп қарап тұрды да: «Ал ендеше, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығынан болсаңдар, кез-келген ақынның өлеңін оқып беріңдерші» деп сұрады. Сол кезде ойланбастан «Мен оқып берейін» деп жауап бердім. Ойыма Оралхан Бөкейдің «Тортай мінген ақ боз ат» деген прозасы түсті де, үзіндісін оқи жөнелдім. Елбасымыз тыңдап тұрды да «Кітаптың бәрін жаттап алғансың ба?» деп күлді. Сосын: «Міне, көрдің бе, осы шығармада қаншалықты өнеге жатыр. Қыздарымыз ата-анасының рұқсатынсыз шешім қабылдамаған, ата-анасын сыйлаған. Сендер де ата-аналарыңды сыйлап, құрметтеңдер. Ата-ана еш уақытта баласына жамандық тілемейді», деп ақыл-кеңестерін айтты. Ал маған: «Қызым, өркенің өссін!» деп ақ батасын берді. Сол кезде ойладым, Елбасымыз қандай ақылды кісі деп, өйткені мен прозаны оқығанда бар ынта-ықыласымен тыңдап, қорытындысын айтты. Елбасымызбен кездесіп, шығарма оқып бергеніме және батасын алғаныма өте қуаныштымын. Одан кейін маған журналистер келіп, «Сіз қалай оқып бердіңіз? Сізді алдын ала дайындаған ба?» деп сұрап жатты. Мен оларға мәнерлеп оқу сайыстарына бір емес, бірнеше мәрте қатысқанымды, Көкшетау қаласында өткен облыстық Оралхан Бөкей шығармаларын оқу байқауында жүлделі орын иеленгенімді және Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық кештерінде І орын алғанымды айтып бердім. Ал бұған бірі сенді, бәлкім бірі сенбеген болар. Ал шындығында солай, мен айтқандай. Астана қаласында өткен биылғы қалалық сенбілік, әсіресе, мен үшін есте қалар ерекше күн – Елбасыдан бата алған күн болды, - деп есіне алды Альмира.
 24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста