Есірткіні хатпен жіберетін болыпты

Есірткіні хатпен жіберетін болыпты

Алматы қаласы кедендік бақылау департаментіне қарасты «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Буркина Фасо еліне бағытталған хаттан есірткі тапты.
 Алматы халықаралық әуежайындағы уақытша сақтау қоймасына жүргізілген жедел іздестіру шарасы кезінде DHL пошталық хабарламасының ішінен күнделіктің мұқабасының арасына жасы­рылған коңыр түсті қоймалжың зат та­былған. Химиялық-сот сараптамасы көр­сеткендей, салмағы 32,1 грамм болатын күдікті зат «опий» есірткісі болып шықты. Оны оңтүстік астанадағы әлдебір Sanaya Turk мекемесі батысафрикалық Буркина Фасо еліне жолдаған көрінеді. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау үшін алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті Контрабандамен күрес жөніндегі басқармасының бастығы Мұхтар Әбдрамановтың айтуынша, мұн­дай оқиға алғаш рет болып отырған жоқ. Алматылық кеденшілер бұдан бұрын да шай қораптарына, тіпті грек жаңғағының қабығына жасырылған есірткі заттарын тап­қан көрінеді. Жалпы, жыл басынан бе­рі төрт келіден астам есірткі заттары тәр­кіленіп, осы бизнеске қатысты сегіз қыл­мыс­тық іс қозғалыпты.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста