Емші "жолды ашып бергені" үшін 39 мың доллар алған
Ақтау қаласында емшісымақ бір әйелдің "жолын ашып беремін" деп, 39 мың долларын үптеп кеткен, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы "Ақтау-Лада" басылымына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, Ақтау қалалық ішкі істер басқармасына 57 жасар әйел шағым түсірді. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы қаңтар айында Нәзира есімді біреу бақыт пен табыстың жолын ашып беремін деп, ірі көлемде ақша сұраған. Емшісымақ оның неғұрлым көп ақша берсе, соғұрлым көп бақытқа кенелетініне сендірген.
Келіскен күні екеуі кездесіп, емші бір салт-жорасын істеп бергендей болды. Сосын алтын бұйымдары мен 39 мың долларын алып, тайып тұрған. Осыдан кейін зардап шеккен кейуана полицияға шағымданды. Шұғыл-іздестіру шаралары барысында Тараз қаласының 24 жасар тұрғыны ұсталды. Қазір ол уақытша қамау абақтысында отыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу