Елордада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел аман қалды

Елордада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел аман қалды

Елордада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Науқас 6 қаңтар күні миокард инфарктісі бойынша жедел жәрдем көлігімен өте ауыр жағдайда №2 Көпбейінді ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Түскен сәттен кейін 10 минут ішінде оған ота (каронарография және стенттеу) жасалды.

Қан айналымы үнемі тоқтап тұрды. Дәрігерлер күні-түні науқастың жүрегін қалпын келтірумен айналысты. Жүрек қағысы бір күнде 53 рет тоқтады. Жасанды жүрек пен өкпе қызметін атқаратын ЭКMO (экстракорпоральды мембраналық оттегімен қанықтыру) қосуға тура келді.

Дәрігерлер 35 күн бойы пациенттің жанын кетпеді, тұрақты бақылау жүргізілді. Осы уақыт ішінде қан кету болды, содан кейін қабыну реакциясы, сепсис және жүйелік көп мүшелік жеткіліксіздік пайда болды.

«Науқасты о дүниеден бірнеше рет қайтарып алу, оны аяққа тұрғызып қана қоймай, дененің барлық қызметін сақтау мүмкін болды. Мұндай операцияларды тіпті бірнеше рет жасаған тәжірибелі реаниматологтар «медициналық ғажайып» деп атайды», - деп атап өтті кардио бит бөлімінің меңгерушісі Расул Сағнаев.
«Науқас аман қалды, қуанышымызға орай, миына зиян келген жоқ. Ол үшін қабылдау бөлмесі дәрігерлерінің, интервенциялық кардиологтардың, кардиохирургтардың, кардио БИТ кезекші дәрігерлерінің (Руслан Қалиев, Қасқыр Наурыз, Лунара Қадырова, Ришат Айтқали), медбикелер мен санитарлардың үлкен командалық жұмысы жасалды. Біз үшін бұл үлкен жеңіс», - деп атап өтті аға кардио ординаторы Сәбит Айнамқұлов.
Қазіргі уақытта науқас тұрақты және интервенциялық кардиология бөліміне ауыстырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста