Елордада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды

Елордада күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткіші орнатылды. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай «Жас Батыр» спорт кешеніне «Қажымұқан» атауы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерткіш Қ.Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжі аумағында орнатылды. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мен бірқатар спорт және қоғам қайраткері қатысты. Ескерткіштің ашылуында сөз алған Ақтоты Райымқұлова күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өтуге еліміздің барлық өңірі бір кісідей жұмылып, ерекше атсалысып жатқанын атап өтті.

«Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Ол бүкіл ғұмырын күрес өнеріне арнап, елімізді өзге жұртқа паш еткен. Талай белдесуде атышулы қарсыласынан айласын асырып, көзі тірісінде ерлігі аңызға айналып үлгерді. Орасан күштің иесі болған балуан бабамыз, күрестің бірнеше түрінен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Жыл басында Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтау, мәңгілікке есте қалдыру мақсатында арнайы Жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспары əзірленді. Кешенді жоспарға сəйкес көптеген мәдени, спорттық-бұқаралық, ақпараттық-имидждік іс-шара өткізіліп келеді. Бұл қатарда арнайы пошта маркалары шығарылғанын, «Қажымұқан» көркем фильмінің түсірілгенін айтуға болады. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде марафондар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық ашық сабақтар, бірнеше халықаралық конференция, турнирлер мен басқа да іс-шаралар өткізілді.

Бүгін ер есімін ұлықтауға арналған сондай іс-шараның бірінде бас қосып тұрмыз. Елорда төрінде күш атасы Қажымұқан бабамыздың ескерткішін салтанатты түрде ашқалы жатырмыз. Сіздермен бірге осы абыройлы іс-шараның басы-қасында болу мен үшін зор мәртебе деп санаймын. Сонымен қатар қаламыздағы «Жас батыр» спорт кешені бұдан былай «Қажымұқан» спорт кешені деп аталады.

Бұл іс-шаралар балуанға көрсетілген тағзымның шағын да болса, маңызды көрінісі. Алдағы уақытта да аңыз адамның рухын асқақтатып, ерлігін келер ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз болып қала береді»,-деді министр.

Айта кетейік, ескерткіштің жалпы биіктігі 5,7 метр (тұғыры - 2,2 метр, мүсін 3,5 метр). Авторлары – Жалын Бауырқан, Болатбек Салаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста