Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше облыста қатты жел соғып, дауыл болады, бұршақ жауады. Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
2 маусымда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Астана қаласында 1-2 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с, екпіні — 23-28 м/с. 2 маусымда найзағай, күндіз дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысында 1 маусымда кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ түседі, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыска ауысады, күші — 15-20 м/с.
1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде көптеген жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с болады. Жаңбыр, найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Петропавл қаласында түнде 1 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Жаңбыр, найзағай, дауыл тұрып, бұршақ түсуі ықтимал.