Елімізде тағы бір кәсіби мереке бекітілмек

Қаулыны ашық талқылау 1 наурызға дейін жалғасады.

15 сәуір – мемлекеттік қызметтер саласындағы жұмыскерлер күні мерекесі болып бекітілмек деп хабарлады turkystan.kz.

«ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір» деген 5-1-тармақпен толықтырылсын», – делінген құжатта.

Қаулыға қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама мемлекеттік қызметтер саласында еңбек ететін жұмыскерлер арасында корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал ететіні көрсетілген.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан астам адамды құрайды. Алайда, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді», – деп түсіндірме берілген қаулыға.

Қаулыны ашық талқылау 1 наурызға дейін жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста