Елімізде 300-ге жуық елді мекенді су басу қаупі бар
Сондай-ақ, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен Жақсыбай ауылынан Орал қаласына 2 жүкті әйел жеткізілген.
Қазақстанда 340 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Бүгінде 285 елді мекенді су басу қаупі сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекенді су басу қаупі жойылды. 385 елді мекенде қауіп азайтылды. Бүгінде су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-інде ықтимал қауіп сақталған", - делінген хабарламада.
Өткен тәулікте өңірлер аумағында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 метер куб еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізген.
Сондай-ақ, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында инертті материалдары бар 7 961 қап төселген. Батыс Қазақстан облысында 250 метр куб алқапта өзендердегі мұзды кесу жұмыстары жүргізілген.
Ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарына Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 92 адам, 13 техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жұмылдырылған.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су басқан 53 тұрғын үйі мен Ақтөбе облысында 57 саяжай үйі бақылауда тұр.
"Өткен тәулікте Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланды. Олар уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен Жақсыбай ауылынан Орал қаласына 2 жүкті әйел жеткізілген.
Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасып жатыр. Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО-дан 2 229 адам, 489 техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар.
#Ақтөбе #Батыс Қазақстан