Электронды үкімет жөнінен Орталық Азияда көшбасшымыз

Электронды үкімет жөнінен Орталық Азияда көшбасшымыз

«Электрондық үкімет» порталының іске қосылғанына тура алты жыл толды. Бүгінге дейін порталды пайдаланушылардың саны 154 120-ға жетті. Мұнда күніне 25 мыңға жуық адам кіреді.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ма­мандарының хабарлауынша, портал өзінің жұмысын 2006 жылғы 12 сәуірде бастады. Оны іске қосқан кезде әртүрлі мемлекеттік ор­гандардың қызметін қамтитын 337 ақ­параттық қызмет жүзеге асырылған бола­тын. Билік пен қоғамды байланыстыратын бұл портал шеңберінде 2000-нан аса ақпараттық, 219 интерактивті және транзакциялық қыз­мет ұсынылыпты. Бұл қызметтерді тәулігіне 25 мыңға жуық адам пайдаланады екен. Е-үкімет жұмыс істеген алты жыл ішінде 11,2 миллионнан аса электрондық қызмет, со­ның ішінде биыл 1,2 миллионнан аса қызмет көр­сетілді. ҚР «электрондық үкі­метінің» соңғы екі жылда қол жеткізген ма­ңызды жетіс­тік­терінің бірі – БҰҰ-ның элек­трондық үкіметті дамыту бойынша биыл жа­саған әлемдік рей­тингісінде ілгерілеуі. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда Қазақстан бұл рейтингіде 46-дан 38-орынға, яғни сегіз позицияға кө­терілді. Сонымен қатар желіде қызмет көрсету индексі бойынша 10 пози­цияға, те­ле­коммуникация инфра­құры­лымы индексі бойынша 14 позицияға озды. БҰҰ дайын­даған рейтингі ұйымға мүше 190 мемлекеттің мәліметтерін салыстырған болатын. Сонымен қатар электронды қосылу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге екінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіш халықтың үкімет мү­шелерімен желіде бай­ланыс жасауы, блогтар мен әлеуметтік же­лілерде ақпарат алмасуы бойынша жасалды. Қазақстан е-үкімет жөні­нен Орталық Азия өңірінде көшбасшы атан­ды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың тап­сыр­масы бойынша 2012 жылдың соңында әлеу­меттік маңызды қыз­меттердің 60 пайызы, соның ішінде лицен­зиялардың барлық түрі электрондық түрде берілуі тиіс. Осы тапсырманы орындау аясын­да лицензия­ларды беру қызметі электрондық форматқа көшірілді. Қазіргі мезгілде «элек­трондық үкімет» порталы арқылы 120 мем­лекеттік қызмет көрсетілсе, жылдың соңына қарай электронды сервис түрлерінің саны 143-ке дейін артады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста