Кеше Қазақстанның оңтүстігіндегі төрт облыста электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылды
Sputnik. Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясының өшу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды.
"Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды энергиясыз қалдырған "КЕGOC" АҚ электр желілеріндегі технологиялық заң бұзушылықтың туындау себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Тексеріс нәтижесі бойынша мұндай технологиялық заң бұзушылықтарға алдыңғы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленеді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16.00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірінде жарық қайта берілді.