ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Отбасы күнiмен құттықтады. Елбасының құттықтау хатын «Қазақстан» концерт залында өтiп жатқан «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауының финалында Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықова оқып бердi, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Қымбатты қазақстандықтар, құрметтi конкурсқа қатысушылар, баршаңызды Отбасы күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Шаңырағы биiк, босағасы берiк қазақстандық отбасы қоғамның тұрақты дамуының және мемлекеттiң өсiп-өркендеуiнiң бұлжымас кепiлi...Әрбiр отбасы елiмiздiң асқақ мақсатына жетiп, болашағы бiртұтас, мәңгiлiк ел болу жолында нығая түсуiне өлшеусiз үлес қосуда. Тек берiк отбасылық дәстүрлерi орныққан ел ғана мығым әлi мызғымас ел бола алады», - делiнген хатта.+
Елбасы барша халыққа зор денсаулық, береке-бiрлiк, жақсылық тiледi.
«Шаңырақтарыңызда түсiнiстiк, татулық пен молшылық салтанат құрсын», - деп жазылған құттықтау хатта.
Айта кетсек, Отбасы күні қыркүйектің әр екінші жексенбісінде аталып өтеді.