Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақта тексеріс жүргізіп, нәтижесінде есірткі сақтауы мүмкін тұрғындар жайлы ақпарат жинақтайды. Яғни жедел уәкілдер учаскелік инспекторлардың осы ақпараты бойынша жұмыс жүргізіп, өздерімен бірге есірткі алып жүрген 3 тұрғынды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, күдікке ілінген бірінші ер адамды анықтап, тінту жүргізген полицейлер оның шалбарының қалтасынан сіріңке қорабына салынған жасыл түсті, ұнтақталған есірткіге ұқсас затты тапты. Зерттеу қорытындысы оның 4,5 грамға жуық кептірілген марихуана екенін растады.
Ал келесі Қазыбек би ауылының тұрғыны, ер адамнан тәртіп сақшылары 3 грамға жуық сіріңке қорабына салынған марихуана тәркілеп алды.
Үшінші ер адамның күртешесінен полиэтилен пакетіне салынған есірткіге ұқсас зат табылды. Тәркіленіп алынған зат полицейлер тағайындаған сараптама қорытындысына сәйкес 7 грамға жуық марихуана болып шықты.
Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша Жетісай аудандық полиция бөліміне тіркелді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер тұрғындардың есірткіні қандай мақсатпен сақтап жүргенін анықтауда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі