EFQM-нің Жетістікті мойындау саласындағы сертификаты - Астана әкімдігіне берілген баға

Мансұр ХАМИТ (фото)

2011 жылғы 19 желтоқсан күні кешке Брюссельде Avenue des Olympiades, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Еуропалық сапа менеджменті қорының штаб-пәтерінде Астана қаласының муниципалитетіне (әкімдігі) Жетістікті мойындау саласындағы сертификатты табыс ету салтанаты болып өтті.
Салтанат барысында EFQM бас дирек­то­ры Пьер Каше Астана қаласы әкімінің орын­басары Ерлан Қожағапановқа серти­фи­кат табыс етті. Жетістікті мойындау сала­сындағы EFQM сертификаты Қазақстан ел­ордасы әкімшілігінің өз қызметінде Еу­ро­пада таралған басқару сапасының стан­дарт­тарына сәйкес болуға ұмтылатындығын дәлелдейді деп атап өтті ол. Осылайша, Астана қаласының әкімдігі Еуропалық сапа менеджменті қорының сертификатына ие болған Қазақстандағы алғашқы мемле­кет­тік мекеме атанды. Әлем бойынша біз осын­дай жоғары мәртебеге ие болған төр­тін­ші муниципалитет болып табыламыз. Дәс­түр бойынша EFQM сертификатына коммерция­лық кәсіпорындар ие болады, бірақ соңғы жылдары EFQM-нің іскерлік же­тілдіру моделі бұқаралық сектор меке­ме­лерінде, соның ішінде мемлекеттік басқару саласын­да да қолданылып жүр. 2008 жылы EFQM сертификатын Түркия­ның Бурса қаласы, Польшаның Джер­жо­ниов қаласы – 2010 жылы, ал 2011 жылы Ис­панияның Киудад қаласы алды. Сал­та­нат­ты рәсім барысында Астана қаласының әкім­дігі EFQM табысты еуропалық ұйым­да­рының қатарына қосыл­ды деп аталып өтті. Бұл оның имиджіне оң әсер етері сөз­сіз. «Біз үшін соңғы бір жыл бойы әкім ап­па­ратында және әкімдік бас­қармаларында Же­тілдірудің фундаменталды тұ­жы­рым­да­маларын, Жетілдіру критери­й­ле­рін енгізу, сон­дай-ақ мемлекеттік орган қызмет­кер­лерінің жұмысын бағалауға арналған РАДАР құрылғысын қолдану үлкен міндет жүктеді», – деді Астана қаласы әкімі­нің орын­басары Е.Қожағапанов.  «EFQM та­ра­пынан жүргізілген сыртқы тәуелсіз баға­лау қа­ла әкімшілігіне өз жұмысына жаңаша қа­рап, жұмысының жақсы жақтарын, же­тіл­діру қажет тұстарын саралап, мүдделі та­раптардың қызығушылығын қа­на­ғат­тан­ды­ру, одан әрі жетілдіруге бағытталған қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап кетті ол. Астана қаласы әкімдігінің сапа менеджментін бағалауды EFQM мү­шелері – асессорлар Тадеуш Бу­чаш, Адриано Ручини, Азат Әбдірахманов, Олег Кайназаров жүргізді. Олар Қазақстан ел­ордасы әкімінің аппараты мен 11 қа­ла­лық басқарма мен құрылымдардың жұ­мы­сын зерттеп, қор жасақтаған әдістемеге сәй­кес тоғыз критерий бойынша сараптама жа­сады, олар: көшбасшылық; стратегия; қызметкерлер; әріптестік және ресурстар; үдерістер, өнім және қызметтер; тұтынушы­лар үшін нәтижелер; қызметкерлер үшін нә­тижелер; қоғам үшін нәтижелер; негізгі қо­рытындылар. Еуропалық сапа ме­нед­ж­мен­ті қорының Жетістікті мойындау сала­сын­дағы сертификатын табыс ету – қала тұр­ғындарының өмір сүру жағдайын жақ­сарту бойынша жүйелі жұмыстағы Астана әкім­дігінің елеулі жетістігі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста