ДҮНИЕ АНАЛАРМЕН КӨРІКТІ ҒОЙ...

ДҮНИЕ АНАЛАРМЕН КӨРІКТІ ҒОЙ...

Талдырқорған қаласы, М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкентану музейінде Қарасай ауданындағы Анаға құрмет музейінің 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «ДҮНИЕ АНАЛАРМЕН КӨРІКТІ ҒОЙ...» атты мерекелік іс-шара өтті.

Анаға құрмет музейінің меңгерушісі Тойбай Аршагүл Серікқызы 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Даланың дана арулары» атты баяндамадан басталған мерекелік көрмеге этнограф Сұлтан Тілектің орамал  және кимешек коллекциясы, кимешек тігуден шеберлік сабақ,  он саусағынан өнер тамған кестеші Гүлнәр Әбіштің «Алланың үйі жүрегімде» атты кесте көрмесі, қолөнер шеберінің халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты  Анар Нарботаның киізден әртүрлі ұлттық бұйымдар жасаудан шеберлік сабақпен қатар қазақ қыздарының ұлттық киім сән көрмесі өтті. Көрмеге «Анаға құрмет» музейінің  Жетісу облысының дәстүрлі кимешектері, тарихи орамалдар коллекциясы, Орта Азия елдері қыздарының бас киімдерінің коллекциясы, «Шолпының сыңғыры» атты көрмеде шолпы,  тұмар, білезік топтамасы  (бұрама білезік, жұмыр білезік, зерлі білезік, топсалы білезік) Жүзіктер топтамасы қойылды. Шара барысында қатысушыларға мерекелік күй сыйлау мақсатында Сүйінбай атындағы филармония әншісі Бақытгүл Әбенова және Қарасай аудандық «Үшқоңыр» ансамблінің әншісі Баймұхамед Мұқатайдың орындауында аналарға арналған ән шырқалды.

Шараға Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттар басқарма басшысының орынбасары Жақыпбекова Әлия Әлімжанқызы, Талдықорған қаласының зиялы қауым өкілдері, қолөнер шеберлері мен Талдықорған қаласындағы өнерлі жастар қатысты.

 

Анаға құрмет қызметкері Айбек Иманқұлов

   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста