Дикий Арман: Мен 8 жыл түрмеде отырдым, ешкімге жалынып хат жазған жоқпын (видео)
Ел аузында "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев желіде видео жазба жариялады. Бұрынғы өткені жайлы сөз қозғаған ол көпшіліктің қызу талқысына түсті.  
Арман Жұмагелдиев желіде оқырмандарының сауалына жауап берді. 
 
"Мен 8 жылдай түрмеде отырдым. Қазір небір "You tube батырлары" бар ғой. Сотталған соң 1-2 айдан кейін шығып алады. Немесе 1-2- жыл түрмеде отырған соң көзқарасы өзгеріп кетеді. Желіде батыр болып отырады. Мен жалғыз адамдық камерада 4 жыл отырдым. 7 жыл түрмеде болдым. Аяғымыз сынды, қолымыз сынды. Туберкулезбен ауырдым. Өмір бойына бас бостандығымнан айыру жазасына кесілдім. Маған Дариға Назарбаеваға хат жаз деп кеңес бердім. Мен ешкімге хат жазған жоқпын. Мен Аллахтың қалауымен шықтым. Егер маған біреу көмектессе, 7 жыл түрмеде отырам ба?", - деді ол. 
Желі қолданушылары сан сауалдар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарын жаудырып жатыр. 
Бұған дейін Балғынбек Имашев Дикий Арман мен Нұржан Иманәлиевке өлең арнаған еді. Көпшілік мақтау айтты деп сынға алса, енді бірі қошемет білдірді.