Денесін қабыршық басқан балаға ресейлік дәрігерлер көмектеседі

Ресейлік дәрігерлер ихтиоз ауруына шалдыққан 5 жасар Жасұлан Қалмұрзаевқа көмектесуге ниетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы. Әзірше денесін қабыршық басқан бала Израильде емдеу курстарынан өтіп жатыр.

Дәрігерлер Жасұланның қабылдайтын барлық ем шаралары мен оның отбасының үй жалдауына қаржы төлеуді ұсынып, балаға арнайы емдеу курсынан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Дәрігерлер сирек кездесетін ауру туралы журналистерден естіген. Реслейлік НТВ телеарнасы ихтиоз жайлы бағдарлама түсіруге ниетті. "Бір апта бұрын маған Мәскеуден телефон арқылы хабарласты, басында мені неге іздеді деп таңғалдым. Олар: "Біз НТВ-данбыз, сіздерді әлдебір телеарнадан көріп қалып, көмектесуді ойладық. Біздің барлық профессорларымыз бен дәрігерлеріміз Жасұланға көмектесу үшін оны Мәскеуге алып келіп емдегісі келеді" деді", - дейді денесі қабыршықтанған баланың анасы Ұлбибі Ықыласова.

Израильден келген соң баланың отбасы Мәскеуге баруды жоспарлап отыр. Жасұланның емделуіне қазақстандықтар жинап берген қаржыға оның ата-анасы израильдік дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді сатып алмақ. Айта кетейік, жиналған ақша емдеу курсының бір аптасына ғана жетеді.

Денесін қабыршық басқан бала Қызылордада туған. Ол сегіз айынан бастап ихтиоз ауруының ең қауіпті түрімен ауырады. Ұлбибі Ықыласованың тағы екі баласы бар, олар еш ауытқусыз дүниеге келген. Баланы емдеуге күніне 10 мың теңге жұмсалып жатыр. Жасұланның сирек кездесетін ауруы туралы оның ата-анасының БАҚ арқылы қазақстандықтардан көмек сұрағанынан кейін белгілі болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста