Демалыс лагерьлері де ұлттық тәрбие мектебі екенін неге ұмыттық?

Демалыс лагерьлері де ұлттық тәрбие мектебі екенін неге ұмыттық?

Кеңестік кеңістікте күн кешкен немесе соның шет жағасын көріп қалған әрбір ұланға пионерлердің жазғы демалыс лагерьлері жақсы таныс. Жалпы, өзіндік заңдары мен төл ұрандары аясында қызу қайнап жататындығы соншалық – пионерия өмірі ешқандай компьютер, ұялы телефон, спутниктік антенналарсыз-ақ мейлінше бай да қызықты болатын.

Әрине, балалар ұйымдары ішінара болса да жер-жерде бүгін де бар, бірақ оларда ортақ идея жоқ. Ал пионер ұйымының: «Дайын бол! – Әрқашан да дайынмын!» сипатындағы басты идеологиясы күні бүгінге дейін оның әрбір мүшесінің есінде. Сонымен қатар үлкендердің балалар ұйымын осыншама үкілеудегі негізгі мақсаты да осынау басты ұраннан айқын көрініп тұр. Яғни әрбір жасөспірімді бала күнінен-ақ социализм идеяларымен жан-жақты қаруландырып, ортақ Отан үшін от пен судан тайынбайтын, қандай күреске болсын дайын, құрыш білек қорғаушы ретінде қалыптастыру мұраты көзделді. Және ол мақсатқа қол жетті де. Өйткені колхоз дүниесін қорғаймын деп туған әкесін ұстап берген Павлик Морозов пен дзотты кеудесімен жапқан Александр Матросов, өзіміздің батыр бала Болатбектеріміз бен он екіде бір гүлі ашылмай жатып ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, майдан даласында оққа ұшқан Әлиямыз бен Мәншүгіміз, басқа да мыңдаған, миллиондаған жас қаһармандар – тап сол октябрят, пионер, комсомол іспетті балалар ұйымдарының идеялары рухында тәрбиеленген түлектер...

Осы тұрғыдан алғанда, біз қазір көп нәрсені ұмыт қалдырдық. Соның ішінде, әсіресе, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, денсаулығын түзеу, пайдалы жұмыстарға тарту шаралары әлеуметтік өзекті мәселелер санатында қалып отыр.

Майра Айсинаның жақында ғана Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалына жүгінер болсақ, «егер 80-90 жылдары шын мәнісінде, әрбір бала пионер лагерьлерінде демалып, жоғары сынып оқушылары жазғы еңбек тоқсанына қатысқан болса, балалар мен жасөспірімдерді еңбек арқылы тәрбиелеумен қатар, баршасын бірдей жазғы демалыспен қамтудың осынау озық дәстүрінен бүгінде үзілді-кесілді айырылып қалдық. Соның салдарынан жасөспірімдеріміз қазір еңбек және демалыс лагері, жоғары сыныптардың еңбек отряды, оқушылардың өндірістік бригадасы, мектептің орман шаруашылығы дегеннің не екенінен мүлде бейхабар». Қалыптасқан жағдайдың реттелуі бұл мәселеге республикалық деңгейде көңіл бөлуге байланысты. Депутаттың пікірінше, жасөспірімдеріміздің жазғы демалысы, денсаулығы, пайдалы еңбекпен айналысуы мәселелеріне қатысты ұйымдастыру шараларын Үкімет тікелей өз қолына алуы тиіс.

img_1080

Әрине, бұл мәселелер ертеректе-ақ шешімін табуы керек болатын. Себебі жазғы каникул да орталанып қалды. Жолдамасының қымбаттығы салдарынан, балалардың санаулы тобы ғана болмаса, көпшілігі лагерьлерде демалу мүмкіндігінен қағылып отыр. Демек, жаз мезгілін қызықты өткізу – кез келген балаға бұйырмай тұрған бақыт. Алматы, Астана сияқты үлкен шаһарларда тұратын балалардың дені қала маңынан ұзай алмайтыны тәрізді, көптеген ауыл балаларының да сыртқа шығуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені бізде тек лагерь ғана емес, мектеп оқушыларының танымдық туризмін жолға қою шаралары да назардан тыс қалып келеді. Шындығында, оқушылардың танымдық туризмін жандандыру, біріншіден, ұлт ұрпағының төл тарихын тануына, сол арқылы ұлттық патриотизмнің нығаюына ықпал етсе, екіншіден, үлкен қалалар мен еліміздің алыс аймақтарының арасын жалғап, мәдени дезинтеграция процесінің етек алмауына, яғни біртұтас жүйе байланысының бұзылмауына негіз болар еді.

Өкінішке қарай, біз осындай нәрсенің бәрін ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы да. Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.

Бір пікір
Майра АЙСИНА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Балалардың жазғы демалысын өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін мынандай шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Атап айтқанда, ең әуелі, балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі демалысын өткізу, денсаулығын түзеу, еңбекпен қамту мәселелерін үйлестіріп және қадағалап отыратын мемлекеттік органды анықтау; балалардың демалысын ұйымдастыруға әртүрлі діни конфессия өкілдерінің араласу жағдайлары да кезігіп жүргендіктен, қала сыртындағы лагерьлерді міндетті түрде лицензиялау мәселесін назарда ұстау; білікті кадрлар, оның ішінде психолог-педагогтық, физкультуралық-спорттық, медициналық мамандарды дайындау тәжірибесін жаңғырту, лагерь жағдайында балалармен жұмыс істейтін аға және отряд жетекшілері жүйесін қалпына келтіру, ішкі туризм бойынша балалардың тарихи орындарға экскурсиялық жорықтарын, саяхаттарын ұйымдастыру шараларын реттеу. Осы жайттарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың емдеу-сауықтыру тұрғысындағы демалысы мен жасөспірімдерді жазғы еңбек тоқсанына тарту жүйесін дамыту өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартып, көптеген түйінді мәселелердің шешімін табуға көмектесетіні анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста