Дархан Қыдырәлі маңғыстаулық студенттерімен кездесті

Дархан Қыдырәлі маңғыстаулық студенттерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Маңғыстау жастарымен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Жиын Ақтау мемлекеттік университетінде өтті. Дархан Қыдырәлі студенттер қолға алған жобалармен танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 

Министрлік жетекшісі бұған дейін имамдармен жүздесіп, қоғамға дәстүрлі Ислам дінді дәріптеу бағытында жасалып жатқан жұмыстарды талқылаған болатын. Кездесуде жастар туризм, кәсіпкерлік және ІТ салаларына қатысты өз бастамаларын министрге таныстырды.

 

Дархан Қыдырәлі әр ұсынысты мұқият тыңдап, сауалдарға тұщымды жауап берді. «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Zhasproject» жобалары бойынша көзге түскен студенттердің еңбегін жоғары бағалап өтті.

 

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Жалпы алғанда Маңғыстау жастарында көптеген нақты жобалары бар. Былтыр біз біраз жеңімпаздарды марапаттаған болатынбыз. Тек Ақтауда емес, аудандар да бар. Мысалға, Түпқараған, Маңғыстау және де басқа аудандарда жеңімпаздарымыз бар. Сонымен қатар нақты ұсыныстарды айтты. Осындай жалынды, жігерлі жоспарларын көріп, өзіміз де қуанып отырмыз.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі қатысқан жиынға түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар да шақырылды. Олар алда атқарылатын жұмыс-жоспарын әңгімелеп, көкейтесті мәселелерді көтерді. Ведемство жетекшісі өз кезегінде әр жас буын өкілінің тың жобасын қолдауға мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалғанын жеткізді.

 

Марат Қаниев, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі:

 

- Жалпы Үкімет адамдарымен жастардың кездесуі тиісті бір нәтиже, ынтымақтасу арқылы белгілі бір межеге қол жеткізеді деп ойлаймын. Қазақ үшін қызмет ететін азаматтарды қалыптастыру Үкімет пен жастардың саясатының бірлесуі нәтижесінде өнімді бола түспек.

 

Маңғыстауға жұмыс сапары кезінде Дархан Қыдырәлі имамдармен де жүздесті. Кездесуде мешіттердің жай-күйі, дін қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.

 

2023 жыл Қазақстанда «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жарияланғаны мәлім. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы бағдарлама әзірлеген. Соған сәйкес аймақтарда 600-ге тарта іс-шара өткізілмек.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста