Дәрігерлер: Қызылордада аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр

Дәрігерлер: Қызылордада аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр

Қызылорда облысы Қазалы ауданының дәрігерлері аяусыз соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 жастағы студент жедел жәрдеммен ауруханаға 6 сәуірде жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алған.

"Жәбірленуші дереу аурухананың қабылдау бөлімінде қаралып, бас-ми жарақатымен хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. 8 сәуірде ата-анасының өтініші бойынша ол Қазалы аудандық теміржол ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушіге тиісті медициналық көмек көрсетіліп, бас сүйегінің рентгенографиясы мен компьютерлік томографиясы жасалып, іш қуысының, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілген. Сондай-ақ ол невропатолог пен офтальмологқа қаралып, нейрохирургтың кеңесін алған.

"Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр. Қажетті медициналық шаралар жалғасын табады", - деп қосты облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Оқиғаға Қазалы аудандық әкімдігі жауап берді. Әкімдіктің ресми жауабында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылған.

"Төбелеске қатысушылар анықталды. Олардың барлығы - Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің кәмелеттік жасқа толмаған оқушылары", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл факт бойынша тергеу басталды.

"Қазір зардап шеккен жасөспірім ауруханада емделіп жатыр. 8 сәуірде аудан әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысы келіп, зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың жағдайымен танысты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке "ұйықта" деп соққы мен тепкінің астына алады.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста