«Бұл сайлау алдында болып жатқан бір қойылым сияқты»: Айгүл Орынбек Шымкенттегі атыс туралы

  • 21
«Бұл сайлау алдында болып жатқан бір қойылым сияқты»: Айгүл Орынбек Шымкенттегі атыс туралы

Бүгін белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында Шымкент қаласында дүрбелең болып жатқанын айтып, видео жариялаған болатын. Заңгер жариялаған видеодан белгісіз адамның қолына қару алып, атыс ұйымдастырып жүргені бейнеленген. Осы жазбадан кейін Skifnews.kz порталының тілшісі істің мән-жайын білу үшін заңгердің өзіне хабарласқан еді. 
- Айгүл ханым, тапа-тал түсте қаланың ортасында белгісіз біреулердің атыс ұйымдастыруы туралы не айтасыз? Тәртіп сақшылары қайда қараған? 
- Иә, қала тұрғындары арасында неше түрлі видеолар таралып жатыр. Түсініксіз тұсы қалалық полиция берген комментарий бойынша қаруды ұрлап, атып жүрген адам шетел азаматы екен (Өзбекстан азаматы-ред.). Сонда бізде кез-келген шетел азаматы кіріп, дүкеннен қару ұрлап, бейбіт халықтың алдында атыс жасай ала ма? Біздің құзырлы органдар ІІД, ҰҚК қайда қарап отыр? Ресми жауапқа қатысты менде де сұрақ туындап отыр. Біздің елдің қауіпсіздігін ойлайтын, қоғам белсенділерінің жазбасымен алысатын полицейлер қайда? Ал, қару жарақ сататын дүкеннен кез-келген адам адам осылай қару ұрлайтын жағдайда ма, неге сондайларды бақылауға алмайды деген сауалдар мені де ойландырып отыр расы керек. 
- Сонда шымкенттік шенділер «Қауіпсіз қала, қауіпсіз ел» тұжырымдамасына атүсті қарайтын болып тұрғаны ғой?
- Иә, солай болып тұр. «Қауіпсіз қала, қауіпсіз ел» тұжырымдамасы президент тарапынан айтылып жатқанымен, құзырлы органдар тарапы ол тапсырманы орындап жатқан жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, «неге дәл сайлау алдында осындай жағдай болып отыр?» деген сауал туындайды. Бұл халықты әдейі қорқыту ма? Оған қоса, қаңтар оқиғасынан кейін ешқандай сабақтың болмағанын көрсетеді. Әйтпесе, Алматыда қару-жарақтың ұрланғанын, терористердің халыққа қарай оқ атқанын білесіздер. Тапа талтүсте халыққа оқ ату деген болмайды ғой. 

- Яғни құзырлы органдар қанды Қаңтар оқиғасынан еш сабақ алмаған  болып тұр ғой. Ел басына күн туса, біздің полиция ештеңеге дайын емес секілді ғой...

-Шыны керек, тәртіп сақшылары мүлдем дайын емес. Мен қазір Шымкент қаласы бойынша айтайын, жүйе іштен шіріп жатыр. Олардың формасы, берілмей жатқан пәтерлері, премиялары секілді шешімін таппай отырған мәселе бар. Ол аздай өздерінің іштерінде жиналатын ақшалары тағы бар, Мұның барлығы да айтылмай іште қалып қойып жатыр. Өз басым тәртіп сақшыларына қолдан келгенше көмек көрсетіп, жоғарыға жазып жатырмын, Бірақ ешқандай тексеру келіп жатқан жоқ. 
Ешқандай да реакция болып жатқан жоқ. Бұл жерде тәртіп сақшыларының әдейі үнжұрғасын түсіріп, билікке деген өкпе наразылығын қоздырып, халық жағына өткізу саясаты тұрған сияқты көрінеді. Кез-келген дабылға, шуға назар аудару керек қой! Мұның барлығы расымен болып жатқан дүние. Мен аспаннан ештеңе алып отырған жоқпын! 
- Қарапайым халыққа қарағанда полицияның мүмкіндігі көп қой, іштегі былыққа батып отыра бермей басшыларын төңкеріп тастауына не кедергі енді? 
- Өзгертуге тырысып жатқан полиция қызметкерлерін жұмыстан шығарып жатқан жоқ па?! Шыны керек, мен мына жәйтқа күдікпен де қарап тұрын. Екінші жағынан, бұл сайлау алдында болып жатқан бір қойылым сияқты. Себебі, біздің елдің азаматы болса қай жерде қару сатылатынын ол білетін еді, шетелден келген азамат біздің елге келіп, қару тонап, оны халыққа ату, тәртіп сақшыларымен атысу деген миға қонымсыз дүние! 
Қысқасы, үлкен бір дүрбелеңнің басы болып шықпаса болды! Ондай қауіп жоқ емес. 
- Рахмет! 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 223
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 267
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста