Бүгін 12 өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет ел аймақтарында 23 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түседі.
«Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Кызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағаңды, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық болады.
Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», - деп жазды синоптиктер.
Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz