БҚО-да жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, жүргізуші көз жұмды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 6 қазан күні сағат 18.20-да Теректі ауданы Барбастау ауылына қарай жолда «Октан» жанар-жағармай стансасы маңында болды.
«Самара-Шымкент жолының 271-шақырымында «ВАЗ» жеңіл көлігі «Рено» жүк көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіледі. Бірқатар сараптама тағайындалады», - делінген хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу