Біздегі жерасты байлығын өзімізден гөрі өзгелер жақсы біледі

Біздегі жерасты байлығын өзімізден гөрі өзгелер жақсы біледі

Қазақстанның жер қойнауындағы байлықтың бар-жоғы шетелдік зертханаларда тексеріледі. Ал өз елімізде кәсіби геологиялық қызмет жүйесі әлі күнге дейін дамымай келеді. Осының салдарынан қазақтың кең-байтақ жеріндегі пайдалы қазба байлықтарының барлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Өкінішке қарай, биыл қазақстандық геологтар алғашқы кәсіби мерекелерін осындай «жаңалықтармен» қарсы алуға мәжбүр.

Геолог мамандарды даярлау жұмысы сын көтермейді
Кеңестер Одағы кезінде Қазақстанның мұнай, алтын және сирек кездесетін металдар кендерінің кеңінен зерттелгені белгілі. Геологиялық барлау жұмыстары жүр­гізі­ліп, қазба байлығы мол кендер мемлекеттік тіркеуге алын­ды. Әрбір кен орнының өзіндік төлқұжаты болды. Әл­бетте, оның барлығы Одақтың ортақ мүддесі үшін жа­сал­ды. Сарапшы мамандардың айтуынша, бүгінде ол тә­жіри­бені ел мүддесі үшін қолдануға әбден болады. Оның арқасында біз әрбір жердің нақты қорын біліп, ұзақ мерзімді жоспарлар жасай аламыз. Алайда бұл бас­таманы іске асыру қиын болып тұр. Себебі кәсіби ма­мандардың барлығы жан-жаққа бытырап кеткен. Ал бұ­ған дейін барланған кен орындарының басым бөлігі тау­сылуға жақын. Білім және ғылым министрлігі болса жас мамандарды даярлау жұмысын әлі күнге дейін дұрыс жолға қоя алмай келеді.
Герой ЖОЛТАЕВ, академик, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің геология және мұнай-газ кендерін барлау кафедрасының меңгерушісі:
– Қазақстанда геолог мамандарды даярлау жүйесі апаттық жағдайда деуге болады. Бүгінде Білім және ғы­лым министрлігі осы салада Германия, Франция сияқты Еуро­па елдерінің тәжірибесін ұстанып келеді. Ол жақта пай­далы қазба байлықтары жоқ. Бізде бір-ақ мамандық бар: ол – геология және пайдалы қазба байлықтарын бар­лау. Одан басқа ештеңе жоқ. Сол жалғыз мамандық­тың ішіне қатты қазба байлықтары, мұнай-газ саласы, гид­рог­еология және тағы да басқа бөлек-бөлек салалар­ды кіргізіп қойған. Ал кристаллография, минерология, па­леонтологияға өте аз уақыт берілген. Бұл – негізгі са­лалар. Осылай маман даярлауға бола ма? Мен бұл мәсе­ле­ні министрлікке талай рет айттым. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.


Бүгінде жастардың геология саласына сирек баратыны да жасырын емес. Өйткені жалақы аз. Сондықтан осы олқылықтың ор­нын толтыру қажет-ақ.
Серікбек ДӘУКЕЕВ, геология-минералдық ғылымдар докторы, академик:
– Бұрын кенді бірінші болып ашқан геологқа қыруар ақша төлейтін. Оның көлемі кен орнының қорына байланыс­ты болған. Бұл қаражат жер пайдалану­шы компанияның есебінен берілді. Меніңше, геологтардың қазіргі жала­қы­сына қарағанда, сол бұрынғы тәжі­ри­бені енгізген жөн. Сонда ғана жұ­мыс­қа деген құлшыныс, нағыз ізденіс болады.
Бүгінде геологиялық барлау саласында кәсіби мамандардың тапшылығы барын­ша байқалады. Осының салдарынан Үкі­мет қабылдаған бірқатар бағдарламалар дер кезінде орындалмай жатыр. Оны құ­зы­ретті мемлекеттік органдар да мойын­дап отыр. Индустрия және жаңа техноло­гия­лар министрлігіне қарасты Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының минералды-шикізат кешенін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасы уақытында орындалмай жатыр. Сол себепті министрлік аталған құжаттың бірқатар мақсат-міндеттерін 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның енші­сіне қалдыруға мәжбүр. Демек, геология саласындағы біраз жоспарлардың іске асыру мерзімі кейінге шегерілмек.
Жаңа орталық геологиялық зерттеу мәселесін шешпек
Алдағы уақытта Қазақстанның геоло­гия саласындағы көптеген проблемаларды Астанада салынатын Геологиялық зерттеу орталығы шешеді деген үміт бар. «Мәсе­лен, қазіргі кезде қазба байлықтарын ан­ық­тау бойынша барлық зерттеу жұмыс­та­ры шетелде – АҚШ, Ресей, Канада сияқты мем­лекеттерде жүргізіледі. Сол себепті біз ол жұмыстардың нәтижесін білмей жата­мыз», – дейді «Қазгеология» ұлттық бар­лау компаниясының басқарма төрағасы­ның міндетін атқарушы Ғалым Нұржанов.
Наурызбай АХМЕТОВ, кенші:
– Негізі, ондай тәжірибе кеңестер ке­зін­де де болған. Сол кезде біздің шах­та­мыздан шыққан кеніштің барлы­ғы вагонға қотарылып, басқа жерге жіберілетін. «Басқа жердің» зертханасы алтынның бар-жоғын тексереді де, нәтижесін тек алтын бойынша ғана бе­реді. Ал алтынмен бірге басқа да сирек металдардың жүретіні белгілі ғой. Бір­ақ сол кездің зертханалары оның бәрін жасырып отыратын.

Сорақысы сол – қазақтың қазба бай­лық­тарын анықтаудың мұндай «әдіс-тәсіл­дері» әлі күнге дейін қолданылып жатыр. Мә­селен, Степногор қаласына қарасты Ақ­су-1 (Кварцитка) кенті кезінде алтын кө­лемі­нің біраз бөлігін шығарған. Біле біл­сек, егемен еліміздің алғашқы алтын құй­ма­сы осы жерде құйылды. Осы уақыт­қа де­йін алтын өндіру жұмыстарын жүргізген ре­сейлік компания сол баяғы кеңестік дәс­түрді ұстанып, таза өнімді өз елінде шыға­рып отырған. Қазіргі кезде Ақсу-1-де тиіс­ті барлау шаралары атқарылмайды. Сол себепті кеніштің қоры таусылды деген пікір бар.
Қуантай АҚЫЛТАЙҰЛЫ, Бестөбе шахтасының бұрынғы бастығы (1966-1970 ж.ж.):
– Бүгінде алтын өндіру жұмыстары­ның барлығы баяғы геологиялық бар­лау­дың құжаттары аясында жүргізіледі. Сол себепті біраз кеніштердің қоры тау­сылып қалды. Иә, бұрын барланған қор­лар таусылған шығар. Алайда сол жерлерде жаңа қорлар да жоқ емес. Оны іздеу керек. Әлбетте, жекеменшік компаниялар жаңа геологиялық бар­лау жұмыстарын жүргізуге мүдделі емес. Себебі оған қыруар қаражат қажет.
Бәлкім, Астанадағы Геологиялық зерт­теу орталығы ашылғаннан кейін барлық зертханалық-зерттеу жұмыстары өзімізде атқарылып, жаңа кеніштер ашылар. Ин­дус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың сөзіне қа­рағанда, аталған орталық үлкен ғылыми қалашық болып құрылады. Бүгінде оған қажетті жер учаскесі де бөлінді.
Жер қойнауын пайдалану заңнамасы өзгереді
Әлбетте, жер қойнауын игеру бойынша қордаланған мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, заңнаманы ретке келтірген жөн. Қа­зақстан осы саладағы соңғы заңнаманы үш жыл бұрын жаңартқан болатын. Алай­да қазірдің өзінде оның көптеген шикі тұс­тары анықталып отыр. «Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың нәтижесінде бүгінгі «Жер қойнауы және жер қойнауын пай­да­лану туралы» Заңға қатысты 130-дан ас­там өзгеріс пен толықтырулар әзірленді. Біз бұл жұмысты Мұнай және газ министр­лігімен бірлесіп атқарып жатырмыз. Олар да тиісті ұсыныстарын жасады. Қазір 180-нен астам өзгеріс пен толықтырулар ар­на­йы жұмыс тобының қарауына түсті. Жақын арада оның барлығы мемлекеттік орган­дарға жіберіледі. Ал тамыз-қыркүйек ай­ларында ол ұсыныстар Парламент Мәжі­лісінің талқылауына салынады. Сондықтан бұл жұмысқа барлығымыз жұмылып, атсалысуымыз қажет», – дейді Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті ди­ректорының орынбасары Тимур Тоқ­та­баев. Осыған орай барлық өзгерістер мен толықтыруларға қатысты ақпаратты ағым­дағы аптада министрліктің ресми сайтына шығару жоспарланған. Порталға кірген әр­бір азамат өз пікірін жазып, ұсынысын қалдыра алады.
Алайда қазіргі толықтырулар отандық заңнаманы түбегейлі өзгерте алмайтын сыңайлы. Т.Тоқтабаевтың айтуынша, ол жұ­мыс Жер қойнауын пайдалану кодексі аясында атқарылады деген жоспар бар. Оған дейін құжаттың тұжырымдамасы даяр­ланбақ. Оны ел Үкіметі қолдаса, 2014-2015 жылдары Кодекс қабылдануы әбден мүмкін. «Кодекс нені көздейді? Оның аясында жер қойнауын пайдалану жұмысы шұғыл әрі ашық түрде жүргізіледі. Ондайда ешқандай «көлеңкелі механизм­дер» болмайды», – дейді министрлік өкілі.

Р.S.
Кезінде қазақтың белгілі ғалымы, геолог Қаныш Сәтбаев: «Біздің алдымызда маңызды мемлекеттік міндет тұр: ол – Қазақстанның геологиясын жан-жақты зерттеп, оның аса бай қорларын ел мүддесі үшін тиімді пайдалану», – деп айтқан болатын. Өкінішке қарай, ғалымның бұл сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста