Биыл Астанада апатты үйлерден 1558 отбасы көшіріледі
Астана қаласында пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Апатты жағдайдағы үйлерде тұратын отбасылар жаңа пәтермен қамтылуда. Үстіміздегі жылы 1558 отбасын жаңа пәтермен қамту көзделген.
Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютовтың хабарлауынша, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша 2013 жылдан бері жалпы ауданы 92 мың текше метрлік 1502 пәтерге есептелген 6 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. 2015 жылы жалпы ауданы 123 мың текше метрлік 2247 пәтерге арналған тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Пилоттық жоба аясында 2015-2016 жж. тапсырылатын жалпы ауданы 214 мың текше метрлік 3824 пәтерге арналған 5 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.
Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметовтың айтуынша, 2014 жылы апатты жағдайдағы 11 үйден 176 отбасы көшірілсе, биыл 114 ескі үйден 1558 отбасы көшірілетін болады.
Жоба 2017 жылға дейін жүзеге асырылады және апатты жағдайдағы үй 228 бұзылады деп күтілуде.