Бір отар қоймен төрт күн адасқан келіншек аман табылды

Бір отар қоймен төрт күн адасқан келіншек аман табылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында боранда бір отар қойымен төрт күн бойы адасқан келіншек аман-есен табылды. Табиғаттың дүлей мінезі мен аң-құстан Құдай сақтаған Нұргүл Сұлтанғалиеваның әрекетін жерлестері қаһармандыққа теңеп отыр.
Биылғы қыс атыраулықтар үшін оңайға түсіп тұрған жоқ. Өткен аптада үш күн қатарынан тоқтамастан жау­ған қар біраз қиындық тудырды. Далада үсіп қалып жат­қандар баршылық. Құрманғазы ауданындағы «Мақаш» өндірістік кооперативінің «Қаңбақ қарақшы» деп аталатын қыстағын мекендеген Ғаділовтер отбасы үшін өткен апта әбігерлі болды. Түс әлетінде отағасы қалың басып қалған қарды тазалап жатқан соң, бір отар қойды қарай тұрайын деп шығып кеткен 27 жас­тағы келіншек сол күйі үйіне оралмады. Кенеттен тұр­ған қатты дауыл мен жауған қар жолдың бәрін жауып тастап, айдаладағы жалғыз үйді әбден әбігерге салды. Ақ түтек боранмен бір, жан-жаққа шашыраған қой­лар­мен бір арпалысқан келіншек үйіне қайтар жолды таба алмай сол түнді далада өткізді. Иен мекенде түз тағы­ларының еркін жортатыны тағы бар. Үйінде пеш түбінде қалған үш жасар қызын ойлап, қайратына мінген жас ана «қайткен күнде де малдарды шашау шығармай бағуым керек, боран әйтеуір бір басылар» деген дәмемен осылай төрт күні мен түнін айдалада өткізді. Сықырлаған аяз бен өкпек жел де басылмай, қа­сарысып тұрып алды. Суыт хабарды естіген коопе­ратив басшылары мен аудан әкімдігі, аудандық тө­тенше жағдайлар бөлімі облыс орталығынан тікұшаққа дейін алдырып, төңірекке барлау жұмыстарын жүр­гізгенімен, ақ түтек бораннан ұшқан құс пен жүгірген аңның елесі де көрінер емес. «Аяздың қаттылығы сондай, іздеушілердің ұялы телефондағы сөздері үзіп-үзіп естілді. Телефондар шығарған бойда-ақ қатып қалады. Сол себепті іздеуші топтармен әрең бай­ланысып жүрдік»,– дейді аудан әкімдігінің бас маманы Зерек Сағыпазова. Тек 5 ақпан күні ғана «Мақаш» ӨК маманы Е.Шайхымеденов бастаған топ «Қаңбақ қарақшы» учаскесінен 30 шақырым жерден аштық пен суықтан әбден қалжырап, бір жыңғылдың түбін паналап отырған келіншекті тауып алды. Келіншек сол бойда аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір қас­қыр­лардың шағылысатын кезі, осындай қауіпті мезгілде төрт күн бойы өмір мен өлімнің арасындағы арпалыста болған келіншектің аты-жөні – Нұргүл Сұлтанғалиева. Ол түнде қойларды бір жерге иіріп қойып, соның ортасына отырып жан сақтапты. Ақыры төртінші күн дегенде әлі құрыған қалпы көрінген жыңғылдың түбіне құлай кеткен. Өз басының амандығынан бұрын, қарауындағы 250 бас қойдың шашауы шықпауына жанын салған Нұргүлдің бұр ерлігі еріксіз бас шайқарлық. «Өйткені ол қазаққа Хиуаз Доспановадай батыр қыз сыйлаған өңірдің қызы ғой», – деп мақ­та­нады жерлестері.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста