«Бес күн ішінде Шымкенттен көшіп кеттім»: Солтүстікке келіп, лауазымды қызметке тұрған маман жайлы не білеміз?

«Бес күн ішінде Шымкенттен көшіп кеттім»: Солтүстікке келіп, лауазымды қызметке тұрған маман жайлы не білеміз?

Шымкент қаласының тумасы Жасқанат Дүйсеновтің оқиғасы көпшілікті қызықтырары анық. Оңтүстік өңірде дүниеге келген ол күтпеген жерден солтүстікке көшіп, өзіне лауазымды қызмет, жақсы орта тауып үлгерді. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген жас маман замандастарын батыл болуға, өмірде күтпеген өзгерістер жасаудан қорықпауға шақырды.

«Өзім Шымкент қаласында дүниеге келдім. 2009 жылы Тараз қаласындағы ЖОО-ға түсіп, сәулетшілік мамандығын алып шықтым. Әрине, оқу бітіріп, қолына дипломын алған әрбір жас өзіне ыңғайлы жұмыс іздейді. Ал жұмыс әрқашан табыла бермейді, табылса да, араға адам салып, таныс іздейтін жағдай арамызда көп кездеседі. Мен де жұмыс іздеп туған қалама оралдым. Алдымен қалалық әкімдікте іс жүргізу инспекторы болдым, кейін кәсіпкерлікті қолдау, архитектура бөлімдерінде маман, бас маман қызметтерін атқардым. Бірақ әрі қарай өсу, кәсіби қызметте өрлеудің қиын екенін түсіндім. Өйткені, Шымкент еліміздегі адам көп шоғырланған аймақ. Бәсекелестік көп. Өзіңе ұнайтын жұмыс табу қиын. Бірде ғаламтордан жұмыс іздеп отырдым да, Ақмола облысының Бурабай ауданында бос жұмыс орны бар екенін білдім. Ойымда ештеңе жоқ, резюме жіберіп қойғанмын. Араға 1-2 күн салып мені әңгімелесуге шақырды. Шыны керек, күткен жоқпын», – дейді ол.

Жасқанат көп ойланбастан Ақмола облысына аттанып, басшылықен әңгімелесуге жол тартады. «Ақмола облысының Бурабай ауданына барып, бөлім басшысының орынбасары қызметіне тұру үшін әңгімелесуден өттім, эссе жаздым. Бәрін тапсырып, бір күн ішінде Шымкентке ұшып келдім. Өйткені, жұмыстан бір күнге ғана рұқсат алған едім. Әңгімелесуден кейін екі күн өткенде маған Ақмола облысынан қайта хабарласып, менің қызметке хабарланғанымды айтты. Тезірек жұмысқа шығуымды өтінді. Қуанышымда шек болған жоқ. Таңданысымды да жасыра алмадым. Осылайша, ешқандай таныссыз-ақ жұмысқа тұруға болатынына көзім жетті. Көп ойланған жоқпын. Бұл ұсынысты қабылдап, бас-аяғы бес күннің ішінде солтүстікке көшіп кеттім», – дейді Жасқанат.

Шымкенттік азаматтың айтуынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде жастарға берілетін мүмкіндік көп. Тек, жас мамандар өз қорқынышын жеңіп, басқа аймаққа барғанда далада қаламын деген ойдан ада болуы тиіс.

Ешкім өзінің жылы орнынан кеткісі келмейді. Ал тәуекел ететін болсаң, алда күтетін өзгерістер, мүмкіндіктер өте көп. Соны пайдалану керек. Қаншама адам дипломы болса да жұмыс таба алмай жүр. Егер көбірек ізденсеңіз, жұмыс табатын мүмкіндік жетіп жатыр. Мысалы, Щучинск қаласына өзім келген жоқпын. Қасымда әйелім мен балам бар, олар үшін де жауапкершілік менің мойнымда екені анық. Келген соң бірден жалдамалы пәтер таптым. Бұл менің алатын жалақымнан әлдеқайда төмен бағада еді. Қуанышқа қарай, жаңа орта мені жақсы қарсы алды. Арасында әзілдеп айтқаны болмаса, «шымкенттік» екенімді де көп қозғамайды. Солтүстік аймақта орыс тілінің үстемдік құрып тұрғаны рас қой. Мен көбіне қазақ тіліне басымдық бердім, қазір ұжымдастарым түгел қазақша сөйлейді. Басқа бөлімдер де қазақшаға көп көңіл бөлуде. Мен қандай да бір бағдарламаға қатыспай, өз еркіммен келдім. Ал жастарды оңтүстікен солтүстікке көшіру туралы бағдарламаларды әлі жетілдіру керек сияқты. Олардың шын мәнінде жерде қалмайтынын көшетін ойы бар халыққа жақсылап ұғындыру қажет. Бұл еліміздің солтүстік өңірлерін қазақыландыруға да көмегін тигізері сөзсіз», – дейді Жасқанат.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста