Баж салығы алпауыттарға ауыз салды

Баж салығы алпауыттарға ауыз салды

Расын айту керек, 2002-2010 жылдарға арналған «Ауызсу» бағдарламасы іске қосылғанымен, оны жіті қадағалайтындай бақылау бола қойған жоқ. Себебі дағдарыс келіп жағадан алғанда, бұл мәселелер көлеңкеде қалып қойды. Оны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов те мойындап отыр. «Еліміз дағдарысқа тап болып, екі-үш жыл бойы күйіп тұрған мәселелермен айналыстық. Ал ауызсу мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді әрі ұзақ уақыт бойы күресетін проблема. Ұлттың денсаулығы, сондай-ақ осыған қатысты барлық нәрсе ауызсумен байланысты», – деді ол селекторлық кеңесте.

«Ауызсу» бағдарламасы бойынша барлығы 335 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаевтың мәлімдеуінше, оның 195 миллиард теңгесі ауылдық елді мекендердегі ауызсу проблемасын шешуге, ал 140 миллиард теңге қаладағы проблеманы шешуге бөлінген. Осынша қаражат бөлінгенімен, біткен шаруа шамалы. Мұны вице-министр де айтып отыр. «Бағдарламаның негізгі тапсырмаларына және алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алмадық», – деді ол. Вице-министрдің мәлімдеуінше, қазіргі күні 3849 елді мекен қажетті көлемде сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмей отыр. Қазіргі таңда елімізде 83 мың адам суды тасып ішеді. «Елімізде 143 мекен суды тасымалдап тұтынады, ал 386 елді мекен су құбырын тартуды талап етеді», – деген ол «Ауызсу» бағдарламасы айналасындағы іс әлі шаш-етектен екенін айтты. Оның ішінде су құбырының құрылысын қажет ететін шаруалар да баршылық екенін ескеру керек.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша, Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарамағынан жұмыс тобы құрылып, құзырлы органдардың қатысуымен ауызсумен қамтамасыз ету проблемалары айналасында сараптама жасалған. Нәтижесінде елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету желісінің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы бойынша қандай да бір жүйелі жұмыс көрінбеген.

Осының бәрін ескере келе, Экономикалық даму және сауда министрлігі республика тұрғындарын толықтай сумен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін ұсынды. «Қаржы министрлігімен жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат мәселесі талқыланды. Соған сәйкес, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 90 миллиард теңге бөлу керек, 2020 жылға дейін. Республикалық бюджеттен 60 миллиард, ал жергілікті бюджеттерден 30 миллиард теңге», – дейді Қуандық Бишімбаев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Орман Анарбек те елді мекендердегі ауызсу проблемасының айналасында қордаланған проблемаларды тізіп өтті. «Қазіргі таңда 3,5 миллионнан астам халық тұратын 3417 ауылдық елді мекенде су желілерін жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілді. Алайда осылардың игілігін жергілікті халық көріп жатыр ма, бәрінің сапалы ауызсуға аузы тиіп жатыр ма? Көптеген елді мекендерде суды үйлердің маңайына колонка ретінде қойып берген, негізі, үйдің ішіне дейін кіргізіп беру керек», – дейді ол.

Аталмыш проблемаларды шешудің тиімді жолдарын ұсынған ол былай дейді: «Ауызсу объектілерін пайдаланудың балама жолдарын қарастыруымыз керек. Оның бірі – бұл жұмыстарды бәсекелестік ортаға, яғни объектілерді жекеменшік тұлғаларға концессияға не болмаса кәсіби сенімді басқаруға беру». Мұның нәтижелі мысалы ретінде елді мекендерді де атады. Қысқасы, оның айтуынша, елді ауызсумен қамтамасыз етуге жекеменшік бизнес өкілдерін тарту қажет. Бұл идеяны вице-министр Қуандық Бишімбаев та қуаттап отыр. «Мемлекет пен жеке сектор серіктестігінің түрлі формасы арқылы су шаруашылығы аясына жекелеген инвесторларды тарту – қала мен елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету проблемасын шешудің неғұрлым тиімді бағыты болып есептеледі», – дейді Қуандық Бишімбаев. Ол үшін жеңілдетілген несие беру тәрізді ынталандыру шараларын қабылдау қажет.

Бәрін айт та, бірін айт, ендігі бағдарламада осының бәрі ескеріліп, олқылықтарға жол берілмейді деген сенімдеміз. Ал келесі бағдарлама «Ауызсу – әр үйге» деп аталады. Ол 2011-2020 жылдарға есептелген. Кәрім Мәсімов аталмыш бағдарламаны тамыздың 15-іне дейін толық тамамдауды тапсырды. «Жұмысты бітіру және бекіту барысы бюджеттік циклге ілігу үшін тамыздың 15-іне ауыстырылып отыр. Ведомствоаралық комиссияны басқару бірінші вице-премьерге жүктелсін», – деді Премьер-министр.

0202022

БАЖ САЛЫҒЫ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІН АРТТЫРАДЫ
Еліміздің үкіметі мұнай шикізатының тоннасына 20 доллар мөлшерінде экспорттық баж салығын салатын болды. Кешегі селекторлық кеңесте осы жайында қаулы жобасы мақұлданды. Қаулыға сәйкес, ашық түсті және қара түсті мұнай өнімдерінің де кедендік баж салығы белгіленген. Ашық түсті мұнай өнімдеріне тоннасына 99,71 доллар, ал қара түстіге – 66,47 доллар.

Бұл қаулы бұған дейін баж салығынан азат болған «Теңізшевройл» компаниясы мен Karachaganak Petroleum Operating халықаралық консорциумына да қатысты болып отыр. «Баж салығын төлемейтіндер кімдер?» деген сұрақ туындайды. Бұған қаржы министрі былай деп жауап береді: «Өнімді бөлу туралы келісімде төлемнің бұл түрі бойынша тұрақтылығы бар және келісімшарттарында экспорттық баж салықтары бойынша тұрақтылығы бар компанияларды есептемегенде және Мемлекет басшысының шешімімен қуатталған келісімдерді қоспағанда, мұнай бойынша экспорттық баж салығы барлық экспорттаушылар үшін енгізіледі».

Мұнайға экспорттық кедендік баж салығын енгізгеннен кейін бюджет қоржыны да қампайғалы тұр. Мәселен, қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, биыл жыл соңына дейін экспорттық кедендік баж салығынан түсетін кіріс көлемі 60 миллиард теңге болады деп күтілуде. «Ал келесі жылы 177 миллиард теңге болады», – деп жауап берді Болат Жәмішев журналистердің қойған сұрағына.

Айтқандай, аталған селекторлық кеңесте Премьер-министр Кәрім Мәсімов Әділет министрлігіне еліміздің шетелдегі сот шағымдарын қараумен айналысатын заңгерлер тобын құруды тапсырды. «Әділет министрлігіне шетелдік соттардағы біздің шағымдарымызбен айналысатын жоғары білікті мамандардан құралған, ерекше жалақы қоры бар арнайы бөлім құруды тапсырамын», – деді ол. Яғни бұлар шетелдердің соттарында Қазақстанның мүддесін қорғаумен айналысатын топ болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста