«Батыр шапағаты» батырларға табыс етілді

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласын батырлар мекені деуге әбден болады. Шағын қалада Ауған соғысының 20 ардагері тұрады. Кезінде онжылдық соғысқа кеңес әскері құрамында қатысқан жауынгер азаматтар жуырда Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» деп аталатын төсбелгімен марапатталды.
Төсбелгіні Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбаев Ауған соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқан және тылда еңбек еткен жергілікті бір топ азаматқа салтанатты жағдайда табыс етті. Олардың 20-сы – интернационалист-жауынгерлер. Жастық шағы қарулы қақтығыста өткен Рахымжан Алмағамбетов, Ержан Наурызалин, Нұржігіт Сағындықов, Рахметолла Сатаев, Әмірбек Сәрсенбаев есімді азаматтар бүгінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына үлесін қосып жүр. «Батыр шапағаты» аталатын төсбелгі әкелі-балалы Сәрсенбаевтардың омырауына тағылды. Әмірбек Сәрсенбаев – осыдан 30 жыл бұрын ауған жеріндегі соғысқа қатысқан жауынгер болса, оның әкесі Хасен ақсақал – Ұлы Отан соғысының ардагері. Жасы 90-ға таяған майдангер кеңес-жапон соғысындағы ұрыс әрекеттері үшін «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» және басқа орден-медальдарға ие болған. Жерлестері әкелі-балалы батырлар отбасын үлгі тұтады.
Әмірбек Сәрсенбаев, Ауған соғысының ардагері:
– 1982 жылы Түрікменстанда бес ай әскери оқу-жаттығудан өткеннен кейін Ауғанстанға аттанып, 1984 жылдың 10 шілдесіне дейін сонда болдым. Саманган провинциясында барлық әскери операция­ларға, атап айтқанда, әскери-азаматтық колонналарды қорғаштап жетелеуге қатыстық. Сол кезде «Ерлігі үшін», «Жауын­герлік еңбегі үшін» деген медальдар берілген еді. Бірақ олар қолыма тимеді. Енді, міне, Бауыржан атамыз атындағы медальға ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Өйткені Бауыржан – сұрапыл жылдары қазақтың қаһарман екенін танытқан батыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста